Артрит: ауру жастарға да тарады! Онымен қалай күресуге болады?

Артрит – буындардың баршаға белгілі ауруы. «Артрит» сөзі көбінесе саусақтары буылтықтанған егде адамның қолдарын еске түсіреді. Артрит буындарды аяусыз бұзып-бүлдіреді, сондықтан осы дертке шалдыққан адамдардың қолдары әрдайым көзге түседі. Артрит қол буындарын ғана емес, адамның барлық басқа буындарын да зақымдай алады

Неліктен жастар да артритпен ауырады?  

Артрит – әдетте 35-55 жастағы адамдарда кездесетін буындардың өте кең таралған ауруы. Соңғы уақытта бұл аурудың жастар мен балалар арасында жиілеу үрдісі байқалады. 

Артрит әдетте жалпы иммунитеттің төмендеуі аясында дамиды. Аурудың пайда болуының 4 негізгі себебі бар:  

Инфекциялық себептер артриттің ең көп таралған себептері болып табылады. Кейбір вирустық аурулардың нәтижесінде ағза вирусты ғана емес, буын қабығын да зақымдайтын антиденелер түзеді. Иммунитеті төмендеген жастар артриттің бұл түріне басқаларға қарағанда көбірек бейім. 

Жарақаттық артрит – жастар арасында таралуы бойынша екінші орындағы ауру түрі. Қозғалмалы ойындар, спортпен шұғылдану, құлаудан болатын жарақаттар, сондай-ақ үнемі пайда болатын микрожарақаттар бұл дерттің дамуына түрткі болуы мүмкін. 

Генетикалық себептер бойынша артрит тұқым қуалайды. Егер жас адамның атасы мен әжесі немесе ата-анасы буын ауруының бір түрімен ауырса, оған ұқсас аурудың даму ықтималдығы өте жоғары. 

Иммунологиялық себептер ретінде жастарда артриттің дамуына қолайсыз экологияны, дұрыс қалыптаспаған иммунитетті, дұрыс тамақтанбауды жатқызу қабылданған. Тамақтағы дәрумендер мен микроэлементтердің аз болуы, сондай-ақ кальцийді ағзадан шығаратын кофеині жоғары газдалған сусындарды шамадан тыс тұтыну сүйектер мен буындардың денсаулығына өте жағымсыз әсер етеді. 

Артритпен қалай күресуге болады?  

Артритпен күресу үшін ең алдымен оның пайда болуына әкелетін себептерден аулақ болу керек. 

Жасөспірімдер мен жастарға дұрыс тамақтану қажет. Ақуызға, қышқыл сүт өнімдеріне, жаңа піскен жемістер мен көкөністерге бай рацион буындардың және жалпы бүкіл ағзаның денсаулығына оң әсер етуі мүмкін. Жасөспірім кезеңінде кофеинге бай газдалған суды тұтынуды доғару ұсынылады. Адам үшін ең жақсы сусындар – таза су, жеміс шырындары, морстар мен компоттар.

Спортпен шұғылданғанда қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Роликпен және мәнерлеп сырғанау үшін, сондай-ақ көптеген басқа спорт түрлері үшін буындарды зақымданудан қорғай алатын арнайы киім қарастырылған. Тіпті жылдың жылы мезгілінде де мұндай қорғанысты елемеуге болмайды.

Артрит кезінде ауырсыну буын тіндері мен капсуласындағы қабыну процестерімен байланысты. Буындарда ауырсыну пайда болғанда дереу шара қабылдау керек! Буындардағы ауырсынуды тудыратын қабынуды жою үшін «Долгит» кремін қолдану ұсынылады – бұл әсер етуші зат Ибупрофен 5%-дың теріге және ішкі тіндерге тез енуіне мүмкіндік беретін жоғары тиімді формуласы бар құрал. Дәріханаларда буын ауруына қарсы ұсынылатын көптеген құралдардан айырмашылығы, ибупрофен ауырсыну синдромын уақытша басып, қабынуды бүркемелемейді, керісінше онымен күреседі, бұл оның даусыз артықшылығы болып табылады.  

Артриттің «жасаруы» – өкінішті факт. Асқынулардың алдын алуға және бұл аурудың дамуы мен оның созылмалы түрге өтуіне жол бермеуге дұрыс тамақтану, спортпен шұғылданғанда және күнделікті өмірде сақтық ережелерін сақтау, сондай-ақ дұрыс емделу көмектеседі.