ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ САЯСАТЫ
Дербес деректердің осы Құпиялылық саясаты (бұдан әрі – Құпиялылық саясаты) www.drtheiss.kz домендік атауында орналасқан «drtheiss.kz» интернет-дүкені «drtheiss.kz» интернет-дүкенінің сайтын пайдалану кезінде Пайдаланушы туралы ала алатын барлық ақпаратқа қатысты қолданылады.
1. ТЕРМИНДЕРДІҢ АНЫҚТАМАСЫ
1.1. Осы Құпиялылық саясатында мынадай терминдер пайдаланылады:
1.1.1. «drtheiss.kz» интернет-дүкені сайтының әкімшілігі» (бұдан әрі – Сайт әкімшілігі) – «Натусана» ЖШС атынан әрекет ететін, сайтты басқаруға уәкілетті қызметкерлер, олар дербес деректерді өңдеуді ұйымдастырады және (немесе) жүзеге асырады, сондай-ақ дербес деректерді өңдеудің мақсаттарын, өңделуге жататын дербес деректердің құрамын, дербес деректермен жасалатын әрекеттерді (операцияларды) айқындайды.
1.1.2. «Дербес деректер» – электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тіркелген, белгілі бір немесе солардың негізінде айқындалатын дербес деректер субъектісіне қатысты мәліметтер.
1.1.3. «Дербес деректерді өңдеу» – дербес деректерді жинақтауға, сақтауға, өзгертуге, толықтыруға, пайдалануға, таратуға, иесіздендіруге, бұғаттауға және жоюға бағытталған әрекеттер.
1.1.4. «Дербес деректерді қорғау» – ҚР «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңында белгіленген мақсаттарда жүзеге асырылатын, оның ішінде құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар кешені.
1.1.5. «drtheiss.kz» интернет-дүкені сайтының пайдаланушысы» (бұдан әрі ‑ Пайдаланушы) – Интернет желісі арқылы Сайтқа қол жеткізе алатын және «drtheiss.kz» интернет-дүкенінің Сайтын пайдаланатын жеке тұлға.
1.1.6. «Cookies» — веб-сервер жіберген және пайдаланушының компьютерінде сақталатын шағын деректер фрагменті, оны веб-клиент немесе веб-браузер тиісті сайттың бетін ашуға әрекет жасаған сайын HTTP-сұрауда веб-серверге қайта жібереді.
1.1.7. «IP-мекенжай» — IP хаттамасы бойынша құрылған компьютерлік желідегі түйіннің бірегей желілік мекенжайы.
2. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2.1. Пайдаланушының «drtheiss.kz» интернет-дүкенінің сайтын пайдалануы осы Құпиялылық саясатымен және Пайдаланушының дербес деректерін өңдеу шарттарымен келісетінін білдіреді.
2.2. Құпиялылық саясатының шарттарымен келіспеген жағдайда Пайдаланушы «drtheiss.kz» интернет-дүкенінің сайтын пайдалануды тоқтатуға тиіс.
2.3. Осы Құпиялылық саясаты «Натусана» ЖШС-ге тиесілі «drtheiss.kz» интернет-дүкенінің сайтына қолданылады. «Натусана» ЖШС және «drtheiss.kz» интернет-дүкені Пайдаланушы «drtheiss.kz» интернет-дүкенінің сайтында қолжетімді сілтемелер арқылы өте алатын үшінші тұлғалардың сайттарын бақыламайды және олар үшін жауапты болмайды.
2.4. Сайт әкімшілігі «drtheiss.kz» интернет-дүкені сайтының Пайдаланушысы ұсынатын дербес деректердің дұрыстығын тексермейді.
3. ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ МӘНІ
3.1. Осы Құпиялылық саясаты «drtheiss.kz» интернет-дүкені сайты Әкімшілігінің Пайдаланушы «drtheiss.kz» интернет-дүкенінің сайтында тіркелу кезінде немесе Тауарды сатып алу үшін тапсырысты рәсімдеу кезінде Сайт әкімшілігінің сұрауы бойынша ұсынатын дербес деректерді жария етпеу және олардың құпиялылығын қорғау режимін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерін белгілейді.
3.2. Осы Құпиялылық саясаты шеңберінде өңдеуге рұқсат етілген дербес деректерді Пайдаланушы «drtheiss.kz» интернет-дүкенінің сайтындағы тіркеу нысанын толтыру арқылы ұсынады.
3.3. Интернет-дүкен өз Сатып алушыларының IP-мекенжайлары туралы статистика жинайды. Бұл ақпарат техникалық ақауларды анықтау және шешу, жүргізілетін қаржылық төлемдердің заңдылығын бақылау мақсатында пайдаланылады.
3.3.1. Cookies файлдарын өшіру «drtheiss.kz» интернет-дүкені сайтының авторизацияны талап ететін бөліктеріне қол жеткізу мүмкін болмауына әкелуі мүмкін.
3.4. Жоғарыда көрсетілмеген кез келген өзге дербес ақпарат (сатып алулар тарихы, пайдаланылатын браузерлер мен операциялық жүйелер және т.б.) осы Құпиялылық саясатының 5.2. және 5.3. тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, сенімді сақталуға және таратылмауға жатады.
4. ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ ДЕРБЕС АҚПАРАТЫН ЖИНАУ МАҚСАТТАРЫ
4.1. «drtheiss.kz» интернет-дүкені сайтының Әкімшілігі Пайдаланушының дербес деректерін мынадай мақсаттарда пайдалана алады:
4.1.1. Тапсырысты рәсімдеу және (немесе) тауарды қашықтан сатып алу-сату Шартын жасасу үшін «drtheiss.kz» интернет-дүкенінің сайтында тіркелген Пайдаланушыны сәйкестендіру.
4.1.2. Пайдаланушыға «drtheiss.kz» интернет-дүкені сайтының дербестендірілген ресурстарына қол жеткізуді ұсыну.
4.1.3. Пайдаланушымен кері байланыс орнату, оның ішінде «drtheiss.kz» интернет-дүкенінің сайтын пайдалануға, қызметтер көрсетуге қатысты хабарламалар, сұраулар жіберу, Пайдаланушыдан келген сұраулар мен өтінімдерді өңдеу.
4.1.4. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, алаяқтықтың алдын алу үшін Пайдаланушының орналасқан жерін анықтау.
4.1.5. Пайдаланушы ұсынған дербес деректердің дұрыстығы мен толықтығын растау.
4.1.6. Сатып алу жасау үшін есептік жазба құру.
4.1.7. «drtheiss.kz» интернет-дүкені сайтының Пайдаланушысын тапсырыстың жай-күйі туралы хабардар ету.
4.1.8. Төлемдерді өңдеу және алу, төлемге дау айту.
4.1.9. «drtheiss.kz» интернет-дүкенінің сайтын пайдалануға байланысты проблемалар туындаған кезде Пайдаланушыға тиімді клиенттік және техникалық қолдау көрсету.
4.1.10. Пайдаланушыға «Натусана» ЖШС және/немесе «drtheiss.kz» интернет-дүкені атынан немесе «drtheiss.kz» интернет-дүкені серіктестерінің атынан арнайы ұсыныстарды, бағалар, өткізіліп жатқан және алдағы науқандар туралы ақпаратты, жаңалықтар таратылымын және өзге де мәліметтерді ұсыну.
4.1.11. Жарнамалық қызметті жүзеге асыру.
4.1.12. Пайдаланушыға «drtheiss.kz» интернет-дүкені серіктестерінің сайттарына немесе сервистеріне қол жеткізуді ұсыну.
4.2. Пайдаланушы осы Құпиялылық саясатының 9.3-тармағында және 9.4-тармағында көрсетілген мекенжайға немесе электрондық мекенжайға тиісті хат жіберу арқылы кез келген уақытта таратылымды алудан бас тартуға құқылы.
5. ДЕРБЕС АҚПАРАТТЫ ӨҢДЕУ ТӘСІЛДЕРІ МЕН МЕРЗІМДЕРІ
5.1. Пайдаланушының дербес деректерін өңдеу мерзімі шектелмей, кез келген заңды тәсілмен, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе мұндай құралдарды пайдаланбай дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде жүзеге асырылады.
5.2. Пайдаланушы Сайт әкімшілігінің дербес деректерді үшінші тұлғаларға, атап айтқанда, курьерлік қызметтерге, пошта байланысы ұйымдарына, электр байланысы операторларына тек «drtheiss.kz» интернет-дүкенінің сайтында рәсімделген Пайдаланушы тапсырысын орындау, оның ішінде тауарды жеткізу мақсатында беруге құқылы екенімен келіседі.
5.3. Пайдаланушының дербес деректері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен Қазақстан Республикасының мемлекеттік билігінің уәкілетті органдарына берілуі мүмкін.
5.4. Дербес деректер жоғалған немесе жария етілген кезде Сайт әкімшілігі Пайдаланушыға дербес деректердің жоғалғаны немесе жария етілгені туралы хабарлайды.
5.5. Сайт әкімшілігі Пайдаланушының дербес ақпаратын заңсыз немесе кездейсоқ қол жеткізуден, жоюдан, өзгертуден, бұғаттаудан, көшіруден, таратудан, сондай-ақ үшінші тұлғалардың өзге де заңсыз әрекеттерінен қорғау үшін қажетті ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдайды.
5.6. Сайт әкімшілігі Пайдаланушымен бірлесіп Пайдаланушының дербес деректерінің жоғалуынан немесе жария етілуінен туындаған залалдардың немесе өзге де теріс салдардың алдын алу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайды.
6. ТАРАПТАРДЫҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ
6.1. Пайдаланушы:
6.1.1. «drtheiss.kz» интернет-дүкенінің сайтында тіркелу үшін клиенттің дербес деректерді ұсынуы қажет.
6.1.2. Ұсынылған дербес деректер туралы ақпарат өзгерген жағдайда, оны жаңартуға, толықтыруға міндетті.
6.2. Сайт әкімшілігі:
6.2.1. Алынған ақпаратты тек осы Құпиялылық саясатының 4-тармағында көрсетілген мақсаттар үшін пайдалануға міндетті.
6.2.2. Құпия ақпараттың құпия сақталуын қамтамасыз етуге, Пайдаланушының алдын ала жазбаша рұқсатынсыз жария етпеуге, сондай-ақ осы Құпиялылық саясатының 5.2. және 5.3. тармақтарын қоспағанда, Пайдаланушының берілген дербес деректерін сатуды, айырбастауды не өзге де ықтимал тәсілдермен жария етуді жүзеге асырмауға міндетті.
6.2.3. Қолданыстағы іскерлік айналымда ақпараттың осы түрін қорғау үшін әдетте қолданылатын тәртіпке сәйкес Пайдаланушының дербес деректерінің құпиялылығын қорғау үшін сақтық шараларын қабылдауға міндетті.
6.2.4. Дұрыс емес дербес деректер немесе заңсыз әрекеттер анықталған жағдайда, тиісті Пайдаланушы немесе оның заңды өкілі не дербес деректер субъектілерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті орган жүгінген немесе сұрау салған сәттен бастап тексеру кезеңіне сол Пайдаланушыға қатысты дербес деректерді бұғаттауды жүзеге асыруға міндетті.
7. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
7.1. Құпия ақпарат жоғалған немесе жария етілген жағдайда, егер бұл құпия ақпарат:
7.1.1. Жоғалғанға немесе жария етілгенге дейін жалпыға қолжетімді болса;
7.1.2. Сайт әкімшілігі оны Пайдаланушыдан алған сәтке дейін үшінші тараптан алынса;
7.1.3. Пайдаланушының келісімімен жария етілсе, Сайт әкімшілігі жауапты болмайды.
8. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ
8.1. «drtheiss.kz» интернет-дүкені сайтының Пайдаланушысы мен Сайт әкімшілігі, «Натусана» ЖШС арасындағы қатынастардан туындайтын даулар бойынша сотқа талап арызбен жүгінгенге дейін наразылық (дауды ерікті түрде реттеу туралы жазбаша ұсыныс) ұсыну міндетті болып табылады.
8.2. Наразылықты алушы наразылықты алған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде наразылық берушіге наразылықты қарау нәтижелері туралы жазбаша хабарлайды.
8.3. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда дау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот органының қарауына беріледі.
8.4. Осы Құпиялылық саясатына және Пайдаланушы мен Сайт әкімшілігі, «Натусана» арасындағы қатынастарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы қолданылады.
9. ҚОСЫМША ШАРТТАР
9.1. Сайт әкімшілігі Пайдаланушының келісімінсіз осы Құпиялылық саясатына өзгерістер енгізуге құқылы.
9.2. Егер Құпиялылық саясатының жаңа редакциясында өзгеше көзделмесе, жаңа Құпиялылық саясаты «drtheiss.kz» интернет-дүкенінің сайтында орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді.
9.3. Осы Құпиялылық саясаты бойынша барлық ұсыныстар мен сұрақтарды «drtheiss.kz» интернет-дүкені сайтының info@natusana.kz электрондық мекенжайына жіберу керек.
9.4. «Натусана» ЖШС мекенжайы: Алматы қ., Алмалы ауданы, Ислам Каримов к-сі, 198 А үй Жаңартылды, жарияланған күні 12.08.2021