Қызыл иек қабынғанда не істеу керек?

Осы қиын кезеңде қандай гигиена құралдарын таңдау керек?

Қызыл иектің қабынбалы аурулары (гингивит, пародонтит) және кейбір жағдайларда қызыл иектің қанауы бірнеше себепке байланысты пайда болуы мүмкін. Ең алдымен, бұл тіс тазалаудың дұрыс емес техникасы және ауыз қуысының нашар гигиенасы. Кейбір аурулар да қызыл иектің қабынуын (қант диабеті, темекі шегу, қанның кейбір аурулары), сондай-ақ қызыл иектің механикалық зақымдануын (тіс шұқығыштарды пайдалану, тіс жібімен тазалаудың дұрыс емес техникасы) туғызуы мүмкін.

Осы қиын кезеңде қандай гигиена құралдарын таңдау керек?  

Әрине, антисептикалық және тұтқырлайтын компоненттері бар гигиена құралдары. Мұндай жағдайларға LACALUT aktiv желісі тамаша сәйкес келеді. Aktiv желісінің тіс пасталары мен шайғышының құрамындағы хлоргексидин ауыз қуысындағы бактериялар санын азайтады, ал алюминий лактаты ауыз қуысының шырышты қабығында тіндерді тітіркендіргіш агенттердің әсерінен қорғайтын тығыз серпімді қорғаныш қабықша түзеді. Алюминий лактатының бұл тұтқырлайтын әсері алғашқы қолданғаннан кейін-ақ тіс пастасы мен шайғыш жағылған жерде қабыну реакциясының азаюына және қан кетудің тоқтауына әкеледі. Назар аударыңыз, ауыз қуысының қабынбалы аурулары кезінде LACALUT aktiv жұмсақ қылшықты тіс щеткасын пайдалану ұсынылады.