Өзіңізге және балаңызға тіс щеткасын қалай дұрыс таңдау керек?

Тіс щеткасы өзінің негізгі қызметін – тіс кіреукесін жарақаттамай, одан тіс өңезін кетіруді және қызыл иекке зиян келтірмей, оны уқалауды жақсы орындауы керек.

Өте жұмсақ қылшық пародонтиттің өршу сатысындағы адамдарға жарайды

Тіс щеткасының жұмсақ қылшығы 5-6 жастан бастап балаларға және пародонт аурулары (пародонтит, гингивит) бар ересектерге арналған 

Орташа қаттылықтағы тіс щеткаларын, әдетте, адамдардың көпшілігі өңезді мұқият кетіру үшін пайдаланады 

Қатты және өте қатты қылшық тіс тазалау үшін іс жүзінде пайдаланылмайды, бұл кіреуке мен қызыл иек үшін тым жарақаттаушы

Электр тіс щеткаларын қызыл иек пен кіреукенің жарақаттануын барынша азайту үшін тек тіс тазалаудың дұрыс техникасы сақталған жағдайда ғана пайдалануға болады.


МАҢЫЗДЫ! 


  •  Қылшықтың тозу дәрежесіне қарай тіс щеткасын (немесе электр щеткасының саптамасын) әр 3 ай сайын немесе одан жиірек ауыстырыңыз. Жұмсақ тіс щеткаларын, әдетте, жиірек ауыстыруға тура келеді. Кәсіби ағарту процедурасынан немесе суық тию ауруларынан кейін тіс щеткасын ауыстыру ұсынылады 


 Тіс тазалағаннан кейін тіс щеткасын мұқият жуып, оны ештеңемен жаппай, қылшығын жоғары қаратып сақтаңыз

 

 Тіс щеткасының басы үлкен болмауы керек, сонда сіз өңезді тістің барлық қолжетімді беттерінен, соның ішінде алыстағы азу тістерден де тиімді тазарта аласыз. Үлкен бас өңезді тазартпайды және тіс щеткасы қозғалғанда ауыз қуысының шырышты қабықтарын жарақаттайды. Тіс щеткасы басының жұмыс бөлігінің ұзындығы ені бойынша 2-2,5 тістен аспауы керек - бұл ересектер үшін де, балалар үшін де қарапайым ереже

 

 Синтетикалық қылшығы бар тіс щеткаларын пайдаланған жөн. Табиғи қылшықта бактериялар әлдеқайда көп жиналады 


 Тіс щеткасындағы қылшық тегіс қиылған болуы керек және ауыз қуысының шырышты қабығын жарақаттауы мүмкін резеңке және пластик элементтері болмауы тиіс