Остеохондроз. Қалай дұрыс отыру, жату және тұру керек

Остеохондроздың алдын алу үшін омыртқаны оның табиғи қалпында ұстауға тырысу қажет - осылайша дискіге түсетін жүктеме айтарлықтай азаяды. Сонымен қатар, арқа бұлшықеттерін нығайтуға ерекше көңіл бөлу қажет, бұл зат алмасу процестерін ынталандыруға мүмкіндік береді. Остеохондроздың салдарын азайтуға болатын денеміздің үш қалпын қарастырайық

Қалай дұрыс тұру керек

Мүмкіндігінше арқаны тік ұстау қажет. Бұл ретте ұзақ уақыт бойы тек бір аяққа ғана салмақ түсіруге болмайды. Бір нәрсеге жиірек сүйеніп немесе шынтақпен тіреліп тұруға тырысыңыз және кезекпен бірде бір аяққа, бірде екінші аяққа салмақ салуды ешқашан ұмытпаңыз. Осылайша қосымша жүктемені азайтасыз. 

Дұрыс отырамыз

«Отырықшы» өмір салтында омыртқаның қалпына ерекше көңіл бөлу қажет. Арқа міндетті түрде тік қалыпта болуы керек. Омыртқаға түсетін жүктемені азайту үшін бұл ретте орындықтың арқалығына сүйену қажет. Егер арқалық болмаса, арқаны бәрібір өз бұлшықеттеріңіздің есебінен тік ұстаңыз. Арқалықтың пішіні бел аймағында иілген болуы керек.

Егер сізге үстел басында оқуға тура келсе, кітапқа арналған тұғыр сатып алыңыз, бұл басты тым төмен түсірмеуге мүмкіндік береді және мойын остеохондрозының дамуының алдын алады.

Осы ұсынымдарды ұстанып, омыртқаға түсетін жүктеменің едәуір бөлігін азайтасыз. Арқа бұлшықеттерін нығайту үшін мүмкіндігінше жиі тұрып, жүруді, сондай-ақ шағын жаттығу жасап, арқаны уқалауды ұмытпаңыз. 

Қалай дұрыс жату керек 

Остеохондроз кезінде жұмсақ төсекте ұйықтау ұсынылмайды, өйткені бұл жағдайда дене салмағы біркелкі таралмайды, соның салдарынан омыртқа өзіне табиғи пішіндерді қабылдамайды. Мүлдем қатты бетте ұйықтау да ұсынылмайды. Өйткені ұйқы кезінде омыртқаның табиғи иілімдері түзеле бастайды.