Тамақтың ауыруы өмір сапасын айтарлықтай нашарлатуы мүмкін. Көбінесе қатты ауырсыну тамақ ішуге, су ішуге, тіпті сөйлеуге кедергі келтіреді. Бұл, әрине, жұмысқа және толыққанды демалысқа қатты кедергі жасайды. Сондықтан жылдың суық мезгілінде тамақтың ауыруына қарсы сенімді дәрі әрқашан қол астында болғаны жөн.
Бүгінде дәріханалардан мұзкәмпиттер мен сорылатын таблеткалар, спрейлер мен шаюға арналған құралдар түрінде ұсынылатын дәрілік заттардың әртүрлі нұсқаларын сатып алуға болады. Тамақтың ауыруына қарсы дәріні таңдағанда құралдың тиімділігін ғана емес, қауіпсіздігін де ескеру керек. Бұл жағдайда табиғи препараттарды таңдаған жөн.

Аталған құралдардың барлығының құрамында тек табиғи компоненттер бар, бұл қолдану кезінде жоғары тиімділік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Табиғи компоненттер негізіндегі Доктор Тайсс препараттар желісі
Белгілі неміс Dr. Theiss компаниясы тамақтың ауыруына қарсы дәрілік заттардың тұтас желісін ұсынады. Желіге мыналар кіреді:
- Анги Септ сорылатын таблеткалары;
- С дәруменімен шалфей сығындысы;
- шалфей мен түймедақ қосылған шаюға арналған құрал;
- шалфей сығындысы бар спрей.
Айта кету керек, тамақтың ауыруына қарсы Анги Септ дәрісінің жағымды дәмдерінің тұтас палитрасы бар. Мәселен, сорылатын таблеткалар мынадай нұсқаларда шығарылады – шие, шалфей, бал-жөке, шырғанақ және лимон дәмді.
Препараттар ауырсынуды және аурудың басқа да белгілерін жақсы басып, жалпы жағдайды жеңілдетеді. Анги Септ сорылатын таблеткаларының, спрейдің, шалфей сығындысының және шаюға арналған құралдың іс жүзінде қарсы көрсетілімдері жоқ және оларды суық тию ауруларының негізгі емі аясында қолдануға болады. Доктор Тайсс тамақтың ауыруына қарсы дәрілерін алдын алу құралдары ретінде де қолдануға болады.
Доктор Тайсс препараттарының компоненттері қалай әсер етеді?
Доктор Тайсс өнімдерінің құрамына кіретін белсенді заттар қабынуға қарсы және антисептикалық әсер етеді. Клиникалық зерттеулердің деректеріне сәйкес, құралды қолдану ауыз қуысы мен көмейдегі грамтеріс және грамоң бактериялардың басым бөлігінің жойылуына ықпал етеді.
Осылайша, тамақтың ауыруына қарсы дәрілерді жоғарғы тыныс алу жолдары шырышты қабығының катаральды қабынуы, көмей мен ауыз қуысының инфекциялық және қабыну аурулары кезінде қолдануға болады. Дәрілік заттардың құрамына кіретін шалфей сығындысы, эфир майлары, ментол, илік заттар және флавоноидтар аталған қасиеттерден бөлек, тыныштандыратын және бүріктіретін әсер етеді.
Нәтижесінде Dr. Theiss тамақтың ауыруына қарсы дәрілері суық тию ауруларының белгілерін тез әрі тиімді жояды және өмір сапасын айтарлықтай жақсартады. Қолданар алдында нұсқаулықпен танысу қатаң ұсынылады. Препараттардың жас бойынша шектеулері бар екенін есте сақтау керек. Мысалы, шалфей сығындысы бар сорылатын таблеткаларды тек 14 жастан асқан балаларға беруге болады.