Әдемі күлкі — бұл, ең алдымен, сау күлкі! Тістерді ағарту және ақшылдату деген не екенін түсініп көрейік. Тістерді ағартудың екі түрі бар: кәсіби — стоматолог кабинетінде және арнайы жүйелер мен капалар арқылы үйде ағарту.
Кәсіби ағартуды гигиенист немесе стоматолог кабинетте арнайы шамдармен қыздыру кезінде сутегі және карбамид пероксидтерін пайдалана отырып жүргізеді. Үй жағдайында да сол пероксидтер қолданылады. Тістерді пероксидтермен ағарту принципі белсенді (атомарлы) оттегінің дентинге енуіне және пигменттелген дентиннің тотығуына негізделген.
Өйткені тістердің түсін дәл осы дентин анықтайды, ал тіс кіреукесі жартылай мөлдір. Дентин ақшылданып, кіреуке арқылы көрініп, тістерді көзге ақ етіп көрсетеді. Ағарту процедурасының бірқатар шектеулері бар: жоғары сезімталдық, қызыл иектің қабынуы, тісжегі қуыстарының болуы, кіреукенің зақымдануы, 14 жасқа дейінгі жас, жүктілік және лактация. Ағарту процедурасынан кейін реминералдаушы ем және үш апта бойы «ақ диетаны» қатаң сақтау қажет. Кәсіби ағарту процедурасы айтарлықтай қымбат.

Кіреукені үй жағдайында ақшылдату — тістердің табиғи түсін сақтаудың неғұрлым қауіпсіз әрі әмбебап нұсқасы. Тістердің табиғи түсін сақтау үшін тіс өңезінің боялуын және тістің көрінетін бөлігінің түсі өзгеруін болдырмау мақсатында оны кіреуке бетінен мұқият кетіру қажет.
Тіс өңезі — ақуызды және көмірсулы тағам қалдықтарынан, бактериялар мен олардың тіршілік әрекетінің өнімдерінен, минералдардан тұратын өте күрделі құрылым. Егер тіс өңезін уақтылы кетірмесе, ол тығызырақ тіс қабыршағына, кейін тіс тасына айналады. Бұл түзілімдердің бәрі ауыз қуысына кешенді теріс әсер етеді: бактериялар тіс кіреукесінің жылдам деминералдануын тудыратын қышқылдар бөледі, бұл қайтымсыз зақымданулар мен тісжегіге әкеледі; тіс тасы қызыл иекке әсер етіп, оның қабынуын, қанауын және дистрофиялық бұзылуларын тудырады, бұл тістердің түсуіне әкелуі мүмкін.
Сондықтан ауыз қуысының кәсіби гигиенасын жүйелі түрде, жылына кемінде екі рет жүргізу және тістердің тазалығын үнемі сақтау аса маңызды.
Тісті күн сайын күніне екі рет дұрыс тазалау өңездің түзілуін болдырмайды және кіреуке тазалығын сақтайды.
Бұл ретте тіс пастасы мен щетканы дұрыс таңдау аса маңызды.
Тіс пастасының ақшылдататын әсері оның құрамына кіретін бірнеше компоненттің әсеріне байланысты болуы мүмкін.
Тіс пасталарының абразивті компоненттері тіс щеткасымен тазалау кезінде тіс өңезін кіреуке бетінен механикалық түрде кетіруге ықпал етеді. Абразивтілігі жоғары тіс пастасын ұзақ уақыт пайдалану кіреукені зақымдауы мүмкін екенін түсіну керек. Мұндай пасталарды курстармен пайдалану ұсынылады. Мысалы, LACALUT white тіс пастасын 60 күнге дейін үзіліссіз қолдануға болады. Сонымен бірге абразивтілігі төмен тіс пастасы немесе тым жұмсақ тіс щеткасы кіреукедегі өңезді мұқият кетіре алмайды. Жоғары тазарту қабілетін сақтау және тіс кіреукесінің зақымдануын болдырмау үшін тіс пастасында тіс кіреукесін зақымдамай, тіс өңезін тиімді кетіретін ірі және жұмсақ абразивтің үйлесімі қолданылады. Абразивтердің осындай тиімді үйлесімі LACALUT® white&repair тіс пастасында қолданылады — бұл ине тәрізді және сфералық қырлы абразивтер кешені, ол өңезді мұқият кетіріп қана қоймай, кіреукені жылтыратып, оның бетінде өңездің түзілуін баяулатады. Бұл пастаның орташа абразивтілік деңгейі оны күн сайын қолдануға және бір апта пайдаланғаннан кейін-ақ тістерді Вита шкаласы бойынша 1,5 — 2,0 тонға ақшылдатуға мүмкіндік береді. Жақсырақ ақшылдату әсері үшін LACALUT white тіс щеткасымен және LACALUT® white шайғышымен бірге қолданыңыз.
Сондай-ақ алдын алу тіс пасталарында пирофосфаттар — тіс өңезінің кристалдану орталықтарына әсер ететін және қатты тіс өңезін жұмсаққа айналдыратын қосылыстар қолданылады. Мұндай өңез тіс пастасының абразивімен оңай кетіріледі. LACALUT white және LACALUT® white&repair тіс пасталарының құрамында пирофосфаттар бар. Жақсырақ ақшылдату әсері үшін LACALUT white тіс щеткасымен және LACALUT® white шайғышымен бірге қолданыңыз.
Қызыл иектің қабынбалы ауруларынан және гиперестезиядан анда-санда зардап шегетін адамдар үшін LACALUT желісінде ананас пен папайядан алынған өсімдік ферменттері — бромелаин мен папаин қосылған жаңа LACALUT® aktiv қызыл иекті қорғау&аяулы ағарту және LACALUT® sensitive сезімталдықты төмендету&аяулы ағарту тіс пасталары жасалды. Бұл тіс өңезінің ақуызды құрамдас бөлігін ыдырататын протеаза ферменттері. Мұндай жұмсақ өңез тіс пасталарымен және LACALUT white тіс щеткасымен тазалау кезінде кіреуке бетінен оңай кетіріледі. ДҮКЕН