Буын ауруының белгілері: танып, жеңу!

Заманауи өмір ырғағы жоғары ой және дене белсенділігін талап етеді.

Белсенді өмір салтын ұстануға көбінесе мойындағы, арқадағы және буындардағы жағымсыз сезімдер мен ауырсыну кедергі келтіруі мүмкін. Бұл белгілердің себептері өте көп болуы мүмкін: ұйқы кезіндегі ыңғайсыз қалыптан бастап буындардың ауыр ауруына дейін.

Күрделі проблеманы ерте сатысында қалай анықтауға болады? Бізде жауап бар

Артрит туралы шындық 

Артрит – қарттардың ауруы деген пікір қате! Өйткені бүгінгі таңда тіпті нәрестелер де буын ауруларынан зардап шегеді! Буын ауруларының себептері жарақаттар, аллергиялар, инфекциялар, тамақтанудың бұзылуы болуы мүмкін. Ауру кенеттен пайда болған жедел және оны тудыратын бірқатар себептерге байланысты біртіндеп пайда болған созылмалы болады. 

Ауырған буындар беретін белгілерді байқамау қиын. Қозғалыстағы құрысу, қызару, ісіну, қозғалған кезде сықырлау мен ауырсыну дабыл қағуға себеп болуы керек! Буында қандай да бір себеппен өршіген қабыну процесін уақытында дұрыс емдемеу (ауырсынуды басу емес, дәл емдеу) аянышты салдарға әкелуі мүмкін! Буын ауруына шалдыққан адамдардың жартысы ауру басталғаннан кейін шамамен 5 жылдан соң мүгедек болып қалады. 

Ауруды бүркемелемей, қалай емдеуге болады? 

Буындардың созылмалы ауруының өршу кезеңінде немесе жедел ауру кезінде науқастың жағдайын мынадай емдеу әдістері жеңілдете алады.  

1.Емдік дене шынықтыру – бассейнде, отырып немесе жатып орындалатын, статикалық жүктемесіз жаттығулар;  

2.Өзін-өзі уқалау – бірнеше авторлық әдістеменің бірі бойынша ауырған аймақты сипау, илеу және ысқылау;  

3.Алдын алуға арналған «жерорта теңізі» диетасы, ол дәнді өнімдерге, бұршақ тұқымдастарға, сондай-ақ жаңғақтар мен көкөністерге негізделген.  

4.Мамандар жиі ұсынатын буындарды емдеуге арналған ауырсынуды басатын және қабынуға қарсы құралдардың бірі – «Долгит», заманауи әрі қауіпсіз гормонсыз препарат. Құрамындағы 5% Ибупрофен, сондай-ақ жоғары тиімді формуласы оның  тіндерге тез еніп, қабынуға қарсы және анальгетикалық әсерді жылдам көрсетуіне мүмкіндік береді.  

Қатты ауырсыну басталғанда адамдар анальгетиктер қабылдайды. Бірақ зиянсыз саналатын көптеген таблеткалар мүлдем ондай емес. Ауырсынуды басатын құралдардың көпшілігі АІЖ-ға әсер етеді. Мысалы, асқазанның шырышты қабығын жарақаттайды немесе  бауырға зиян келтіреді, немесе ішекпен проблемалар туындайды және т.б. Бірақ қатты ауырсыну кезінде жанама әсерлерге сирек назар аударылады. Азапты синдромды тезірек басқысы келеді.  

Жақсы жаңалық: бүгінде әсері таблеткалармен салыстыруға келіп қана қоймай, тіпті олардан асып түсетін сыртқа қолданылатын құралдар бар. Атап айтқанда, бұл – Долгит кремі. Жергілікті ауырсынуды басатын және қабынуға қарсы әсері бар бұл дәрілік препарат буындардағы ауырсынуды жай ғана басып қоймай, оның себебін – қабынуды да жоюға мүмкіндік береді.  

Буын аурулары – өте кең таралған және жылдан-жылға жасарып келе жатқан проблема. Бүгінгі таңда мұндай аурудан әр үшінші адам азды-көпті зардап шегеді.

Ұзақ жылдар бойы денсаулығыңыз бен белсенділігіңізді сақтау үшін өз ағзаңызға және оның қандай да бір аймақтағы ауырсыну мен жағымсыз сезімдер арқылы беретін белгілеріне мұқият болу қажет. Аурудың қайтымсыз процестерін өршітіп, «өзі басылып кетеді» деп күтудің қажеті жоқ! Кез келген ауру кезінде ауырсынуды бүркемелейтін емес, аурудың себебін жоятын заманауи тиімді әрі қауіпсіз құралдарды қолдану керек.  

Өзіңізді жақсы көріңіз және денсаулығыңызға уақытында қамқорлық жасаңыз!