Сипаттама
Аскорвита Optimax – тағамға биологиялық белсенді қоспа.
С дәруменінің, D дәруменінің және мырыштың қосымша көзі болып табылады.
Иммундық жүйенің функцияларын қолдау үшін қолданылады.
Құрамы: L-аскорбин қышқылы (С дәрумені), тасымалдағыштар - микрокристалды целлюлоза (E460i), гидроксипропилметилцеллюлоза (E464); мырыш оксиді, холекальциферол (D дәрумені), жабысуға қарсы агент
- магний стеараты (E470), бояғыш - рибофлавин (E101i).
Ұсынылатын тәуліктік доза: күніне 1/2 таблетка, сумен ішу. Ұсынылған тәуліктік дозадан асырмаңыз. С, D дәрумендері мен мырыш кешенін қабылдау әсіресе қыркүйектен сәуірге дейінгі кезеңде ұсынылады.
Тәуліктік дозаның (1/2 таблетка) құрамында:
|
С дәрумені |
500 мг (834% |
|
D дәрумені |
15 мкг (150%*) |
|
Мырыш |
5 мг (34%*) |
* Тәуліктік тұтынудың ұсынылған деңгейінен пайызы.
Дәрілік зат болып табылмайды.
1 таблетканың номиналды массасы 1386 мг.
Өндіруші: Natur Produkt Pharma Sp. z o.o. 07-300 Острув Мазовецка, Подсточиско к-сі, 30, Польша.
18 жастан асқан адамдарға арналған. Бүйректе тас түзілуіне бейімділігі бар немесе несеп-тас ауруымен ауыратын адамдарға қолданбаңыз.
Жарамдылық мерзімі: Өндірілген күнінен бастап 3 жыл.
Қаптаманың төменгі бөлігінде көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін тұтыну керек. Жабық қаптамада, бөлме температурасында, балалардың қолы жетпейтін және ылғалдан қорғалған жерде сақтаңыз.