Қолдануға болмайтын жағдайлар
-әсер етуші затқа, Аралия тұқымдас өсімдіктеріне немесе осы дәрілік заттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы
- аргининсукцинатсинтетаза ферментінің жетіспеушілігі (мочевина циклі алмасуының бұзылуы)
Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары
- Тұрақты немесе қайталанатын жөтелі бар 0-ден 4 жасқа дейінгі балалардың препаратты қабылдауы алдында медициналық диагнозды қою талап етіледі.
- Ентігу, қызба немесе іріңді қақырық пайда болған кезде емдеуші дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесу керек.
-Гастрит немесе асқазанның ойық жарасы бар пациенттерде препаратты қабылдау аса сақтықпен жүргізілуі тиіс.
- Кейбір қанттардың жақпаушылығы немесе тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы (HFI) бар, фруктоза ыдырамайтын сирек кездесетін генетикалық ауру бар пациенттерге осы препаратты қабылдауға болмайды.
- Сорбитол асқазан-ішек жайсыздығы мен жеңіл іш жүргізетін әсерді тудыруы мүмкін.
- 5 жастан кіші балаларда препаратты және алкогольдегидрогеназаның кез келген субстраттарын, атап айтқанда этанолды бірге қолдану жағымсыз құбылыстардың пайда болуын туындатуы мүмкін.
- Пропиленгликоль алкогольдің әсеріне ұқсас әсерге ие.
-Пропиленгликолдың жануарларда немесе адамдарда репродуктивті функциясына және құрсақішілік дамуына уытты әсер етуі мүмкін екендігі туралы деректердің болмауына қарамастан, аталған зат ұрыққа жете алады және сүтте анықталды. Осының салдарынан әрбір нақты жағдайда құрамында пропиленгликоль бар дәрілерді жүктілік және лактация кезеңінде қабылдаудың орындылығы қарастырылады.
- Бүйрек немесе бауыр функциясы бұзылған пациенттерде медициналық бақылау талап етіледі, өйткені пропиленгликольді қолданумен байланысты әртүрлі жағымсыз құбылыстардың пайда болу жағдайлары, атап айтқанда, бүйрек дисфункциясы (жедел тубулярлық некроз), жедел бүйрек жеткіліксіздігі және бауырдың дисфункциясы жағдайлары белгілі.
- Макрогол глицерилгидроксистеарат асқазанның бұзылуы мен диареяны тудыруы мүмкін.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Дәрілік өзара әрекеттесулерге зерттеулер жүргізілген жоқ.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Егер сіздің 0-ден 4 жасқа дейінгі балаңызда тұрақты немесе қайталанатын жөтел болса, дәрігеріңізге қаралыңыз. Дәрігер осы дәріні балаға қолдануға болатындығын немесе болмайтындығын шешетін болады.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік және лактация кезіндегі қауіпсіздік анықталмаған. Жеткілікті деректер болмаған кезде, әдетте, жүктілік және лактация кезеңінде, қолдану ұсынылмайды.
Фертильділікке әсері туралы мәліметтер жоқ.
Егер сіз жүкті болсаңыз немесе баланы емізіп жүрсеңіз, жүкті болуым мүмкін деп ойласаңыз немесе балалы болуды жоспарласаңыз, осы препаратты қабылдамас бұрын дәрігермен кеңесіңіз.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың көлік құралдары мен механизмдерді басқару қабілетіне әсері зерттелмеген.
Геделикс® жөтелге қарсы шәрбаттың құрамында сорбитол бар.
Осы дәрілік препараттың құрамында 5 мл-ге 1750 мг сорбитол бар.
Сорбитол-фруктозаның көзі болып табылады. Егер дәрігер сізде (немесе балаңызда) кейбір қанттарға жақпаушылық немесе сізде тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы (HFI) бар немесе фруктоза ыдырамайтын сирек кездесетін генетикалық ауру бар деген диагнозды қойған болса, онда осы препаратты қабылдағанға дейін өз дәрігеріңізге қаралыңыз.
Геделикс® жөтелге қарсы шәрбаттың құрамында пропиленгликоль бар.
Егер балаңыз 5 жасқа толмаған болса, оған осы дәрі-дәрмекті, әсіресе, пропиленгликоль немесе спирт бар басқа препараттарды бермес бұрын дәрігерге немесе фармацевтке хабарласыңыз.
Егер сіз жүкті болсаңыз немесе емшек емізетін балаңыз болса немесе бауыр немесе бүйрек ауруларынан зардап шегетін болсаңыз, дәрігермен ұсынылған болмаса осы препаратты қабылдамаңыз. Осы препаратты қабылдаған кезде дәрігеріңіз қосымша тексерулерді жүргізуі мүмкін.
Геделикс® жөтелге қарсы шәрбаттың құрамында макрогол глицерилгидроксистеараты бар
Макрогола глицерилгидроксистеараты асқазанның бұзылуы мен диареяны тудыруы мүмкін.
Қант диабетімен ауыратын пациенттерге және алкогольді қабылдаудан аулақ болу керек пациенттерге нұсқау:
Геделикс® шәрбатының құрамында қант пен алкоголь (этанол) жоқ, сондықтан қант диабетімен ауыратын науқастар мен алкогольді қабылдаудан аулақ болу керек пациенттерге қолайлы.