LACALUT LACALUT барлық құралдары →

LACALUT Kids 4+ тіс щеткасы

4 жастан асқан балаларға арналған жұмсақ қылшықты тіс щеткасы — тістің ауысу кезеңіне арналған. Табанындағы сорғыш щетканы гигиеналық түрде сақтауға көмектеседі.

Түстері: көк, сары, жасыл, таңқурай түсті.

Нұсқа
Жұмсақ қылшықты
Өндіруші ел
Германия

Сипаттама

LACALUT® Kids 4+ тіс щеткасы 4 жастан асқан балаларға арналған және тістің ауысу кезеңінде қолдануға өте қолайлы.

Тазалайтын басында PBT-ден жасалған жұмсақ қылшықтардың екі түрі бар: негізгі қабаттың ұштары жұмырланған қылшықтары балалар кіреукесінен өңезді ұқыпты кетіреді, ал ұзартылған жіңішке қылшықтары сезімтал қызыл иекті жұмсақ уқалайды. Қылшықтар пішінін ұзақ сақтайды, жіктелмейді және судан ісінбейді.

Сырғымайтын материалдан жасалған эргономикалық сабы балаға да, тіс тазалауға көмектесетін ересекке де ыңғайлы. Табанындағы сорғыш щетканы тік қоюға және тазалаулар арасында гигиеналық түрде сақтауға мүмкіндік береді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулық

Алғаш қолданар алдында щетканы жылы суда жуыңыз. Әр тазалаудан кейін паста қалдықтарын ағын сумен мұқият шайып, щетканы қылшықтарын жоғары қаратып, қаптар мен қақпақтарсыз ашық ұстағышта сақтаңыз. Щетканы қылшықтардың пішіні бұзылғанда, ауырғаннан кейін және ауыз қуысын кәсіби гигиеналаудан кейін, бірақ 3 айда кемінде бір рет ауыстырыңыз. Жеке гигиена құралы.