LACALUT LACALUT барлық құралдары →

LACALUT Aktiv herbal

Қызыл иектің қабынуы мен қанауы кезінде

Дәрілік шөптердің сығындыларының арқасында қызыл иектің қанауын тез тоқтатады, қабынуды басады және зақымданған тіндердің қалпына келуін жеделдетеді

Көлемі
50 мл · 75 мл
Өндіруші ел
Германия

Сипаттама

Lacalut aktiv herbal тіс пастасы қызыл иектің қабыну ауруларынан: гингивиттен, пародонтиттен зардап шегетін адамдарға арналып жасалған. Lacalut aktiv herbal Lacalut aktiv тіс пастасының рецептурасы негізінде жасалған және қабынуға қарсы күшейтілген әсер беретін өсімдік компоненттерімен – аллантоинмен және бисабололмен қосымша байытылған. Дәрілік өсімдіктердің сығындылары (жұлдызанис, фенхель, эвкалипт, жалбыз, тимьян, түймедақ, сарымсақ шөп майлары, мирра шайырының сығындысы, лимонен, линалоол) пастаға жағымды дәм береді және қабынуды азайтады. Паста құрамындағы антисептик қабынуды тудыратын бактериялардың санын тиімді азайтады, алюминий лактаты қызыл иектің қанауын байқарлықтай азайтады, фторид кіреукені нығайтады және тісжегіден қорғайды.

Қолдану жөніндегі нұсқаулық

Тістерді пастамен күніне 2 рет: таңертең таңғы астан кейін және кешке соңғы тамақтанудан кейін жұмсақ қылшықтары бар Lacalut aktiv тіс щеткасын пайдаланып тазалау ұсынылады. Тіс пастасының әсерін ұзарту үшін кешкі тазалаудан кейін Lacalut aktiv ауыз қуысын шаюға арналған шайғышты пайдаланған жөн. Күні бойы әр тамақтанғаннан кейін Lacalut тіс жібін пайдалану ұсынылады.