LACALUT LACALUT барлық құралдары →

LACALUT Aktiv

Қызыл иектің қабынуы мен қанауы кезінде

Қызыл иектің қанауын байқарлықтай тоқтатады, қабынуды басады және зақымданған тіндердің қалпына келуін жеделдетеді

Көлемі
50 мл · 75 мл
Өндіруші ел
Германия

Сипаттама

Lacalut aktiv тіс пастасы қызыл иектің қабыну ауруларынан: гингивиттен, пародонтиттен зардап шегетін адамдарға арналып жасалған. Lacalut aktiv құрамында қабынуды қоздыратын бактериялардың көпшілігін тез жоятын хлоргексидин антисептигі бар. Тіс пастасының құрамындағы алюминий лактаты борпылдақ қызыл иекті тығыздайды және оның қанауын азайтады. Тіс пастасының тиімді әрі қауіпсіз абразивтілігі тіс кіреукесінен тіс өңезі мен бактерияларды жақсы кетіруге мүмкіндік береді. Паста құрамындағы фторид кіреукені нығайтады және оны тісжегіден қорғайды.

Қолдану жөніндегі нұсқаулық

Тістерді пастамен күніне 2 рет: таңертең таңғы астан кейін және кешке соңғы тамақтанудан кейін жұмсақ қылшықтары бар Lacalut aktiv тіс щеткасын пайдаланып тазалау ұсынылады. Тіс пастасының әсерін ұзарту үшін кешкі тазалаудан кейін Lacalut aktiv ауыз қуысын шаюға арналған шайғышты пайдаланған жөн. Күні бойы әр тамақтанғаннан кейін Lacalut тіс жібін пайдалану ұсынылады.