LACALUT LACALUT барлық құралдары →

LACALUT Aktiv тіс щеткасы

Қызыл иектің қабынуы мен қанауы кезінде

Қылшықтардың екі түрінің комбинациясы қабынған қызыл иекке тамаша күтім жасайды және кіреукеден тіс өңезін мұқият кетіреді.

Түстері: қызыл, көк, жасыл, қызғылт сары.

Нұсқа
Жұмсақ қылшықты
Өндіруші ел
Германия

Сипаттама

Lacalut aktiv тіс щеткасы ауыз қуысының қабыну ауруларына бейім адамдарға өте қолайлы. Нейлон қылшықтарының екі түрінің комбинациясы тіс кіреукесінен өңезді мұқият кетіруге (негізгі тазалайтын қабаттың ұштары жұмырланған қылшықтары) және қызыл иекті ауыртпай уқалауға (жіңішкертілген ұзартылған қылшықтар) мүмкіндік береді. Тайғанамайтын эргономикалық сабы кіреуке мен қызыл иекке түсетін күшті реттеуге мүмкіндік береді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулық

Алғаш қолданар алдында тіс щеткасын жылы суда жуу ұсынылады. Тісті әр тазалағаннан кейін тіс щеткасын жылы сумен мұқият жуып, қаптар мен қақпақтарды пайдаланбай, ашық ұстағышта сақтау қажет. Тіс щеткасын жұмыс басындағы қылшықтардың пішіні бұзылған кезде, бірақ 3 айда кемінде бір рет ауыстыру ұсынылады. Жеке гигиена құралы.