Сипаттама
Натрий фториді бар Lacalut dental tape тіс жібі бактериялық тіс өңезінің түзілуін азайтады және түйіспелі тісжегінің дамуының алдын алады. Жалпақ, жұмсақ, балауызданған тефлон жіп-таспа тіс щеткасы жете алмайтын тіс аралық кеңістіктерден қатты тағам қалдықтарын тиімді кетіреді, тістер арасында оңай сырғиды, қызыл иекті жарақаттамайды және жалбыз майының арқасында қолданғаннан кейін тынысты сергітеді. Тіс жібінің ыңғайлы, ықшам қаптамасы оны өзіңізбен бірге алып жүруге мүмкіндік береді.