Сипаттама
Әртүрлі деңгейлі жұмсақ қылшығы бар LACALUT® Expert aktiv тіс щеткасы сезімтал қызыл иекті ұқыпты тазалауға арналған.
PBT soft әртүрлі деңгейлі қылшығы (0,15 мм). Сыртқы қысқартылған қатары қызыл иектің сезімтал тінін жарақаттамайды, ішкі ұзартылған қатары өңезді тиімді кетіреді.
Ұштары үшкірленген қылшықтар тар тісаралық саңылауларға еніп, тістер арасындағы және қызыл иек сызығы бойындағы өңезді мұқият кетіреді.
Күміс иондары бар жабын. Қылшықтардың сыртқы қатарында ерекше бактерияға қарсы жабын бар: ол щетканы бактериялардың көбеюінен және олардың сезімтал қызыл иекке түсуінен қорғайды.
Резеңкеленген ендірмесі бар эргономикалық сабы ыңғайлы ұстауды қамтамасыз етеді және қысымды бақылауға көмектеседі.
Қылшық үш түсті: ақ, көгілдір, сұр.