LACALUT LACALUT барлық құралдары →

LACALUT extra soft тіс щеткасы

Өте жұмсақ қылшықты

Lacalut extra soft тіс щеткасы қызыл иектің қабыну ауруларына бейім адамдарға өте қолайлы.

Түстері: сары, жасыл, қызғылт, көгілдір. 

Нұсқа
Өте жұмсақ қылшықты
Өндіруші ел
Германия

Сипаттама

Lacalut extra soft тіс щеткасы қызыл иектің қабыну ауруларына бейім адамдарға өте қолайлы. Экстра жұмсақ, жіңішке, ұштары жіңішкертілген қылшықтар тіс кіреукесі мен тіс аралықтарын бактериялық өңезден мұқият тазартады және қызыл иекті абайлап уқалайды. Бас бармаққа арналған жастықшасы бар сырғымайтын эргономикалық сабы кіреуке мен қызыл иекке түсетін күшті реттеуге мүмкіндік береді және тіс тазалау кезінде жайлылықты қамтамасыз етеді. 

Қолдану жөніндегі нұсқаулық

Алғаш қолданар алдында тіс щеткасын жылы суда жуу ұсынылады. Тісті әр тазалағаннан кейін тіс щеткасын жылы сумен мұқият жуып, қап пен қақпақ пайдаланбай, ашық ұстағышта жұмыс бөлігін жоғары қаратып сақтау қажет. Тіс щеткасын жұмыс басындағы қылшықтар пішінін жоғалтқанда ауыстыру ұсынылады, бірақ 3 айда кемінде бір рет. Жеке гигиена құралы.