Сипаттама
Тіс аралық щеткалар (ершиктер) тіс аралық кеңістіктерді мұқият тазарту үшін әр адамға қажет. Сондай-ақ оларды ортодонтиялық конструкцияларды тағып жүргенде гигиенаны жақсарту үшін пайдалануға болады. Lacalut цилиндр пішінді ершиктерінің аса берік нейлон қылшықтары және ыңғайлы түрлі түсті тұтқасы бар. Қаптамада ең көп қолданылатын үш өлшемдегі (2XS, 2S, 1M) 5 ершиктен тұратын жиынтық бар, бұл бір жиынтықпен барлық тіс аралық кеңістіктерді тазартуға мүмкіндік береді. Ершиктердің қажетті диаметрін таңдау үшін стоматологтан кеңес алу қажет.