LACALUT LACALUT барлық құралдары →

LACALUT pure herbal

Қызыл иекке күнделікті күтім жасауға арналған өсімдік сығындылары бар тіс пастасы

Көлемі
75 мл

Сипаттама

Күнделікті қолдануға арналған Lacalut pure herbal тіс пастасы қызыл иекке күтім жасайды, қабынуға қарсы әсерге ие және шалфей жапырақтары мен куркума тамырсабақтарының табиғи сығындыларының, сондай-ақ жалбыз, анис, фенхель, эвкалипт, тимьян, шалфей, розмарин және түймедақ эфир майларының арқасында жағымды шөп дәмі бар. Натрий фториді кіреукені тісжегіден қорғайды, гидроксиапатит пен жұмсақ абразивтер оны жылтыратып, кіреуке бетінде жұмсақ тіс өңезінің жиналуына кедергі жасайды.

Қолдану жөніндегі нұсқаулық

Тісті пастамен күніне 2 рет тазалау ұсынылады: таңертең таңғы астан кейін және кешке соңғы тамақтанудан кейін. Тіс пастасының әсерін ұзарту үшін кешкі тазалаудан кейін ауыз қуысына арналған шайғышты қолданған жөн. Күндіз әр тамақтанғаннан кейін тіс жібін қолдану ұсынылады.