LACALUT LACALUT барлық құралдары →

LACALUT white multi care

Кіреукені ақшылдатуға және қызыл иекке күтім жасауға арналған

Lacalut white multi care тіс пастасы тістің табиғи түсін сақтап, қою түсті өңезді кетіргісі келетін адамдарға тамаша сай келеді

Көлемі
60 г
Өндіруші ел
Германия

Сипаттама

Lacalut white multi care тіс пастасы тістің табиғи түсін сақтап, қою түсті өңезді кетіргісі келетін адамдарға тамаша сай келеді. Тіс пастасы құрамындағы пирофосфаттар тіс өңезін жұмсартады, ол тіс тазалау кезінде кіреуке бетінен оңай кетеді. Абразивті заттар кіреукені жылтыратып, оны тегіс етеді. Фторид кіреукені нығайтып, тісжегіден қорғайды, алюминий лактаты қызыл иекке күтім жасайды, ал бұрыш жалбызының сығындысы тынысты сергітеді. Темекі шегетіндерге және шай мен кофе әуесқойларына тамаша сай келеді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулық

Тісті пастамен күніне 2 рет тазалау ұсынылады: таңертең таңғы астан кейін және кешке соңғы тамақтанудан кейін. Барынша ағартатын әсерге қол жеткізу үшін орташа қаттылықтағы Lacalut white тіс щеткасын қолданған жөн. Тіс пастасының әсерін ұзарту үшін кешкі тазалаудан кейін Lacalut white шайғышы тамаша сай келеді. Күндіз әр тамақтанғаннан кейін тіс жібін қолдану ұсынылады.