LACALUT LACALUT барлық құралдары →

LACALUT White

Lacalut white тіс пастасы тіс кіреукесін табиғи реңкіне дейін ағартқысы келетін адамдарға қолайлы. 

Көлемі
75 мл · 50 мл
Өндіруші ел
Германия

Сипаттама

Lacalut white тіс пастасы тіс кіреукесін табиғи реңкіне дейін ағартқысы келетін адамдарға қолайлы. Тіс пастасының құрамындағы пирофосфаттар тіс өңезін жұмсартады, сондықтан оны тіс пастасының құрамына кіретін абразивті заттармен кіреукеден оңай тазартуға болады. Фторид кіреукені нығайтады және тісжегіден қорғайды, алюминий лактаты мен эфир майлары бактериялардан қосымша қорғайды. Темекі шегетіндер мен шай және кофе әуесқойлары үшін өте қолайлы.

Қолдану жөніндегі нұсқаулық

Тістерді пастамен күніне 2 рет: таңертең таңғы астан кейін және кешке соңғы тамақтанудан кейін тазалау ұсынылады. Тіс пастасының әсерін ұзарту үшін кешкі тазалаудан кейін ауыз қуысын шаюға арналған шайғышты пайдаланған жөн. Күні бойы әр тамақтанғаннан кейін тіс жібін пайдалану ұсынылады.