Гиперестезия. Анықтамасы. Жіктелуі. Пайда болу механизмі. Емі.

Гиперестезия  - бұл тістердің температуралық (суық және ыстық сусындар), химиялық (қышқыл немесе тәтті) және механикалық тітіркендіргіштерге (тісті тазалау кезінде) жоғары сезімталдығы. Көбінесе пациенттер дәрігерге бірден бармайды, өйткені ауырсыну әдетте қысқа мерзімді болады және өте тез басылады. Тістердің гиперестезиясы бүкіл халықтың 8-42%-ында байқалады

Жіктелуі. 

Клиникалық ағымы бойынша гиперестезияның мына түрлерін ажыратады: 

•   I дәрежесі: тіс тіндері температуралық тітіркендіргішке жауап береді, электрқозғыштық табалдырығы 5-8 мкА 

•   II дәрежесі: тіс тіндері температуралық және химиялық тітіркендіргіштерге жауап береді, электрқозғыштық табалдырығы 3-5 мкА 

•  III дәрежесі: тіс тіндері тітіркендіргіштердің барлық түрлеріне жауап береді, электрқозғыштық табалдырығы 1,5-3,5 мкА

Таралуы бойынша гиперестезия екі түрге бөлінеді:   

•  Жергілікті түрі– бір немесе бірнеше тісте бір мезгілде пайда болады 

•  Жайылған түрі – ауырсыну барлық тістерді бір мезгілде зақымдайды

Тістердің гиперестезиясы тітіркендіргіш әсер еткенде қысқа мерзімді ауырсынумен білінеді.            

Ауырсыну ұстамасы әдетте 10-нан 30 секундқа дейін созылады. 

Ең ауыр белгілер кіреукенің жетілмеуінде, сына тәрізді ақауда, тісжегіде, тістердің жоғары қажалуында пайда болады. Әдетте қатты тіндер тістердің шайнау беттерінде қатты қажалады. 

Жоғары сезімталдық себептеріне қарай бір, бірнеше немесе барлық тістерде пайда болуы мүмкін. Мысалы, жекелеген тісжегіде тек бір тіс жоғары сезімтал болады, ал сәулелену немесе кіреукенің үдемелі эрозиясы кезінде белгі тіс қатарының барлық бірліктеріне таралады. 

Тітіркендіргіш ретінде ыстық және суық тағам, қышқыл және тәтті өнімдер, суық ауаны ауызбен жұту және тіпті тісті тазалау болуы мүмкін.

Кейбір жағдайларда жауап тітіркендіргіштің тек бір түріне ғана пайда болады. Сезімдер арандатушы фактор әр әсер еткен сайын жүйелі түрде туындайды.

Ауырсынудың қарқындылығы әртүрлі болуы мүмкін — жеңіл жайсыздықтан бастап тісті тазалау немесе қалыпты тамақтану мүмкін болмауына дейін. Бұл белгі көп қолайсыздық тудырып, өмір сапасын төмендетеді, кейбір жағдайларда үйреншікті тағамдардан бас тартуға, мысалы, тек сәл жылытылған тағамдарды жеуге мәжбүр етеді.

Гиперестезияның себептері: 

•     Тісжегіге жатпайтын зақымданулар 

•     Жүйке-психикалық бұзылыстар 

•     Жүкті әйелдердің токсикоздары 

•     Қалқанша без тарапынан болатын бұзылыстар 

•     Тісжегі, тістерді препараттау және ағарту, пародонт аурулары кезінде дентин өзекшелерінің ашылуы 

•     Абстиненттік синдром, астениялар мен невроздар

Тістердің әртүрлі ауытқуларында немесе олардың дұрыс орналаспауында жақ сүйекке қосымша физикалық жүктеме түсетіндіктен, шайнау процесі кіреукені үнемі жұқартады. Жұқа қорғаныш қабық арқылы тітіркендіргіштің дентинге жетуі жеңілірек. Кейбір адамдар жақтарын шықырлатқанды ұнатады, соның нәтижесінде кіреуке жұқарады. Қатты заттарды (грек жаңғақтарын) шағу немесе қатты бұралған қақпақтарды (лимонад) ашу. Тістердің жоғары сезімталдығының себебі жүйке-психикалық бұзылыстар, мысалы бруксизм болуы мүмкін.

Гиперестезияның жиі себебі кіреуке қабатын жұқартатын қатты қылшықты тіс щеткасы болуы мүмкін. Тістерді агрессивті тазалау кіреуке қабатын жұқартады.

Тісжегі. Тісжегі процесінің өзі кіреуке гиперестезиясын тудырмайды. Бірақ тіс бір учаскеде бұзылуға ұшырайды (тісжегі тудыратын бактериялар кіреуке мен дентинді бұзады), бұл ауырсыну тудырады. 

Пародонт аурулары. Қабыну процесінде қызыл иектің төмен түсуіне байланысты тіс мойны ашылады. Тіс мойнын жабатын цемент нервті тітіркендіргіштен қорғай алмайды, өйткені оның басқа міндеті бар. Тіндердің тұтастығы бұзылғанда мұндай тістердің сезімталдығы жоғары болады. Тістердің сезімталдығы кейбір жемістер мен шарапты тұтынғанда да артуы мүмкін: бұл өнімдердегі қышқыл кіреукеден кальцийді шайып шығарып, оны кеуекті етеді. Тістердің өткір сезімталдығының себептері рационда да жатуы мүмкін. Егер адам минералдар мен микроэлементтерді жеткілікті мөлшерде алмаса, бүкіл ағза зардап шегеді, соның ішінде сүйек тіндері әлсірейді.

Пайда болу механизмі. Теориялар. 

Гиперестезия неліктен пайда болады? 

•  Бірінші теория - Рецепторлық. Дентин өзекшелері тіс пульпасынан басталып, кіреуке мен цементке қарай желпуіш тәрізді созылады. Оларда денелері пульпада орналасқан және дентиннің түзілуіне қатысатын одонтобластардың өсінділері орналасады. 

•  Гиперестезия дамуының екінші теориясы - Жүйке-рефлекторлық теория. Оның мәні – дентин өзекшелерінде сұйықтық пен жүйке ұштары болады. Ауырсыну дентин түтікшелеріндегі жүйке ұштарының тітіркенуіне жауап ретінде пайда болады. 

•  Үшінші теория – Гидродинамикалық, оған сәйкес ауырсыну дентин өзекшелеріндегі сұйықтық айналымының өзгеруі және жүйке талшықтарының механорецепторларының белсендірілуі нәтижесінде пайда болады. Бұл теория ең көп мойындалған. Ауырсыну дентин өзекшелеріндегі сұйықтық айналымының өзгеруі және жүйке талшықтарының механорецепторларының белсендірілуі нәтижесінде пайда болады

Дентин өзекшелері – кіреукенің астында орналасқан дентин қабатын тесіп өтетін өзіндік түтікшелер. Олар кіреукенің микрокеуектері сияқты сұйықтыққа толы, бірақ онда одонтобластардың өсінділері де орналасқан. Тістер сау болғанда дентин өзекшелері мен кіреуке кеуектерін толтыратын сұйықтық сағатына 4мм жылдамдықпен қозғалады. Жүйке өсінділері тітіркеніп, миға ауырсыну сигналын береді. Нәтижесінде – шамадан тыс сезімталдық пайда болады

Гиперестезияны қалай емдеу керек? Емдеу жоспары:

1. Ауыз қуысын санациялау 

2. Тісжегі ошақтарын жою 

3. Жиектері асылып тұрған және қызыл иекті жарақаттайтын пломбалар мен протездерді ауыстыру 

4. Тіс шөгінділерін кетіру 

5. Жеке гигиенаны түзету және бақылау 

6. Тісжегіге жатпайтын зақымданулардың пайда болу себебін анықтау және мүмкіндігінше оны жою 

7. Сабақтас мамандарға жолдау (мысалы, тістердің қатты тіндерінің эрозиясымен қатар қалқанша без патологиясы жүруі мүмкін) 

8. Қызыл иек рецессиясының мукогингивалды пластикасы

Емдеудің мақсаты: қорғаныш қабатын, дәлірек айтқанда, оның минералдық құрамын қалпына келтіру. Кіреуке ретке келтірілген бойда ауыру сезімдері жойылады Үй жағдайында гиперестезияны емдеу тәсілдері дентин өзекшелерін толтыратын және кіреукені қалпына келтіретін дәл сезімтал тістерге арналған гигиеналық пасталарды қолданудан тұрады (1-сурет)

1-сурет – Гиперестезияны тиімді емдеу құралдары

Lacalut Sensitive аминофторид пен натрий фторидінің үйлесімінің арқасында тістердің сезімталдығын белсенді түрде төмендетеді, олар тістердің бетінде қорғаныш қабатын түзеді және зақымдалған кіреукенің қалпына келуін жеделдетеді.

Хлоргексидин патогендік микрофлораның өсуі мен тісжегінің (соның ішінде тіс мойны тісжегісінің) дамуының алдын алу үшін пастаның құрамына енгізілген, өйткені бактериялардың шамадан тыс өсуі тістердің жоғары сезімталдығы аясында процестің ағымын ауырлатады.

«Lacalut Sensitive» 1-2 ай курспен пайдаланылады, мына пасталармен кезектестіріледі 

«Lacalut Aktiv » - таңертең (сезімталдықты азайту үшін) 

«Lacalut Fluor» - кешке (тіс тасын кетіру және тіс кіреукесінің тығыздығын арттыру үшін) 

 «Lacalut Sensitive» тіс пастасының тиімділігі ғылыми зерттеулермен дәлелденген (2-сурет)

2-сурет – «Lacalut Sensitive» тіс пастасының тиімділігі

Дентин гиперестезиясының жойылуы LACALUT sensitivе тіс пастасын күнделікті 2 рет қолданғаннан кейін 10-12 күннен соң байқалады

Клиникалық зерттеулердің деректері бойынша LACALUT Sensitive ауыз қуысына арналған емдік-профилактикалық шайғышы десенсибилизациялаушы, қабынуға қарсы, реминералдандырушы әсерге ие. 

Ауырсыну реакциясының толық жойылуы 12 аптадан кейін 87,5%-ында байқалады . Тіс пастасы дентин өзекшелерінің ішінде және дентин бетінде қорғаныш қабыршағын түзеді (3-сурет) Гиперестезияны емдеуге қандай микроэлементтер көмектесе алады? 

Фторидтер. Фторидтер өзекшелердің саңылауын бітейді Фтор кальций иондарымен әрекеттесіп, кальций фториді түрінде олардың қабырғаларына тұнады, сол арқылы дентин түтікшелерінің саңылауын тарылтып, сұйықтық ағынын азайтады және сыртқы тітіркендіргіштерге ауырсыну реакциясын төмендетеді. 

Стронций. Стронций дентиннің ақуыздық  матрицасымен әрекеттеседі және бұл өзекшелердің саңылауының бітелуіне әкеледі . Бұл микроэлемент алмастырушы дентиннің түзілуін ынталандырады, оның тығыздалуы мен қайта құрылуына ықпал етеді.

3-сурет – Гиперестезияны жою механизмі

Калий. Калий иондары дентин өзекшелерінің ішіне ене отырып. жүйке ұштарының қозғыштығын азайту және жүйке импульсінің берілуін бөгеу арқасында сезімталдықты төмендетеді

Гиперестезияны жоюға арналған, стоматолог дәрігер тағайындайтын құралдар.

1. Ауызды шаюға немесе тістерді сүртуге арналған гельдерді, көбіктерді қолдану («Бифлуорид-12» «Ремодент») 

2. Физиоем: 

Электрофорез 

Ионофорез 

Кіреукеге минералдық заттардың мөлшері жоғары арнайы препараттарды пайдалана отырып гальваникалық токпен әсер етеді, бұл кальций мен фосфор, фтор бар құрамдарды қолдана отырып тістерді реминералдандыру процедурасы. 

3. Халықтық құралдар: 

•  Ауызды шай ағашының майымен шаю; 

•  Жыланбас таспа шөп негізіндегі қайнатпа 

•  Баклажан қабығынан жасалған қайнатпа (жемістің жаңа аршылған қабығын қайнаған сумен демдеп, тұндыру үшін қараңғы жерге қояды);  

•  Күнжіт майын қолдану әртүрлі себептермен пайда болған тіс ауырсынуын басады, ол үшін майдың бірнеше тамшысын дәке тампонға тамызып, мазалап жүрген тіске басады 

•  Емен қабығы. Бұл ингредиент ертеден әртүрлі текті ауырсынуды басуда танымал болған. Емен қабығын сатып алып, құралдың 3 шай қасығына қайнап тұрған су құйып, су жартылай қайнап кеткенше отта ұстау керек. Алынған қайнатпамен ауыз қуысын таңертең және кешке тазалаудан кейін бірден шаю керек.   

•  Кептірілген түймедақ. Оны ең қарапайым шай сияқты демдеуге болады. Дәріханаларда тіпті әртүрлі мақсаттарға арналған шай пакеттеріндегі түймедақ сатылады. Бұл құрал кіреукені жақсы тыныштандырады және зиянды микробтардан қорғайды. Алдыңғы тәсілге ұқсас – ауызды түймедақ шайымен шаю керек.

4. Десенситайзерлер. Бұл стоматолог дәрігер клиника жағдайында қолданатын құралдар. Десенситайзерлерді қолданудың арқасында дентин өзекшелері құралдың өзімен механикалық түрде бітеледі. Жағылғанда мұндай құрамдар ашылған өзекшелердің бетін жұқа қабыршақпен жабады. Осылайша ауырсыну сезімдерінің даму ықтималдығы төмендейді. Жүйке ұштарындағы ақуыздар мен иондардың преципитациясы. Десенситайзер ақуыздарды коагуляциялайды. Бұл процесс жүйке импульсінің өтуін бұзады, ал дентин өзекшесінің өзі жабылады. 

5. Фторидтер:

• Bifluorid 12 (VOCO) лагының құрамында натрий фториді (3% F-) және кальций фториді (3% F-) бар және оның синтетикалық негізі бар. Лакты қолдана бастағаннан кейін 1 аптадан соң ауырсыну жойылады. 

•  Флюо Потект Fluor Protector(Vivacare) лагының құрамында 0,1% F- бар және оның синтетикалық негізі бар,  

•  Флюякол  Fluocal(Septodont) лагының құрамында 0,5% F- бар Ø    Белак-F(ВладМиВа) лагының құрамында калий фториді бар. 

•  Лактар дентин өзекшелерінің ішіндегісі мен ауыз қуысы арасында физикалық кедергі жасайды.

Синтетикалық негіздегі заманауи лактар жағылғанда жұқа қабыршақ түзеді, түссіз, жеткілікті адгезивті. Алайда лак қабыршағы жойылған сайын лактың десенситивті әсері жоғалады. Сондықтан лактың адгезиясы неғұрлым жақсы болса, оның десенситивті әсері соғұрлым ұзақ болады.