Магний тапшылығы
Магний күн сайын қажет және ағзаның барлық функциялары мен жүйелері үшін, әсіресе жүйке және жүрек-қантамыр жүйесі үшін аса маңызды. Қазіргі адамның рационында магнийі бар өнімдер жетіспейді, соның салдарынан оның жетіспеушілігі дамиды.
Магний тапшылығы басқа минералдардың теңгерімін бұзып, ағзаның барлық жүйелеріне әсер ететін проблемаларды тудыруы мүмкін.

Магний жетіспеушілігі
Магнийге деген қажеттілік ағзадағы өзгерістерге байланысты артуы мүмкін. Көбінесе бұл жыныстық жетілу кезеңінде, жүкті немесе емізетін әйелдерде болады. Ұзақ күйзеліс әсер еткенде немесе ауыр дене жүктемелерін орындағанда магнийді көбірек тұтыну қажет. Өкінішке қарай, адам ағзадағы магний тапшылығына сирек назар аударады. Ал шын мәнінде, ағзада магнийдің үнемі жетіспеуі барлық ағзаларда функционалдық бұзылыстарды тудырады. Магний жетіспеушілігі туралы бұлшықеттердегі құрысулар, ашушаңдықтың артуы, зейін шоғырландырудың нашарлауы, әлсіздік, шаршау, ұйқының бұзылуы және т.б. белгі береді.
Магний көздері
Ағзада магний жетіспеушілігін болдырмау үшін магний мөлшері жоғары өнімдерге негізделген теңгерімді диетаны ұстанған жөн. Тек диетаның көмегімен магнийдің талап етілетін күнделікті дозасына қол жеткізе алмайтындықтан, теңгерімді, ағзаның дұрыс жұмыс істеуін және денсаулықтың оңтайлы жағдайын қолдау үшін магнийі бар тағамдық қоспаларды қолдану ҰСЫНЫЛАДЫ.
B6 дәруменінің тапшылығы
B6 дәруменінің жетіспеушілігі де шаршау мен құрысуларға түрткі болады, анемияны, себореялық дерматитті, экземаны және басқа да бұзылыстарды тудыруы мүмкін.
B6 дәрумені дұрыс метаболизм үшін қажет, ол ақуыздардың, майлардың және көмірсулардың алмасуын қалыпқа келтіреді, қызыл қан жасушаларының түзілуіне әсер етеді және ағзаға кейбір улы заттарды жоюға көмектесетін өте қуатты антиоксидант болып табылады.
Пиридоксиннің ең жақсы табиғи көздері: бидай кебегі, бауыр, бүйрек, жүрек, қырыққабат, сүт, жұмыртқа, сиыр еті, гүлді қырыққабат, сарымсақ, қасқыржем, брокколи, нәлім, тунец, брюссель қырыққабаты.
В6 дәрумені ағзаға жақсы сіңеді, ал оның артық мөлшері зәрмен шығарылады. В тобының барлық дәрумендері сияқты оның орнын толтырып отыру керек, бірақ ағзада магний жетіспесе, дәруменнің сіңірілуі байқарлықтай нашарлайды.