Сипаттама
Құрамы: Dr. Theiss Anqi Sept бір таблеткасында белсенді заттар: левоментол 5.40 мг, анетол 2.40 мг, 2,4-дихлорбензил спирті 1.20 мг, бұрышты жалбыз майы 0.60 мг, қосымша заттар: сахароза, глюкоза шәрбаты, сусыз лимон қышқылы, лимон майларының қоспасы, лайм хош иістендіргіші, қызыл апельсин хош иістендіргіші, 0-каротин 1 % (Е 160а), тазартылған су бар.
Фармакологиялық әсері:
Ауыз қуысы мен жұтқыншаққа жергілікті қолдануға арналған біріктірілген микробқа қарсы препарат. Антисептикалық әсер етеді. Грамоң және грамтеріс микроорганизмдерге қарсы белсенді.
Доктор Тайсс Анги септ препаратының көрсетілімдері
— ауыз қуысы мен жұтқыншақтың инфекциялық-қабыну ауруларын (жұтынған кездегі ауырсыну) емдеу.
Жанама әсері:
Аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.
Қолдануға қарсы көрсетілімдер: балалық жас (5 жасқа дейін);
препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық.