DR.THEISS бренді туралы
1978 жылдан бері DR.THEISS дәрілік өсімдіктердің күші мен заманауи ғылымды біріктіреді. Тамаққа, жөтелге, иммунитетке, бұлшықеттер мен буындарға арналған құралдар Германияның Хомбург қаласында әзірленіп, шығарылады.
1978
компанияның құрылған жылы
60+
құралдар сатылатын ел
2 000+
әлем бойынша қызметкер
GMP
фармацевтикалық өндіріс стандарты
1976 жылы фармацевт Петер Тайсс Хомбургтағы дәріхананы әкесінен қабылдап алды. Ол адамдардың өсімдік негізіндегі құралдарды жиі сұрайтынын байқап, осыны өз ісіне айналдыруды шешті.
1978 жылы ол Dr. Theiss Naturwaren компаниясын құрды. Алғашқы құралдар — шайқурай, арника және календула қосылған жақпамайлар — дәріхана жанындағы шағын бөлмеде қолмен дайындалды. Шайқурай бүгінде де бренд нышандарының бірі.

Біз ғылым мен табиғаттың күшіне сенеміз және адамды кез келген өмірлік жағдайда қолдайтын құралдар жасаймыз.
Петер Тайсс Хомбургтағы отбасылық дәріхананы қабылдайды.
Dr. Theiss Naturwaren компаниясы құрылады.
DR.THEISS құралдары басқа елдерге жеткізіле бастайды.
DR.THEISS, LACALUT, Medipharma Cosmetics және басқа брендтері бар отбасылық компания.
Шалфей, бақажапырақ, эхинацея, шайқурай — құралдардың негізінде дәрілік өсімдіктер мен мұқият іріктелген шикізат бар.
Компания зерттеу орталықтарымен, университеттермен және тәуелсіз институттармен жұмыс істейді.
Идея мен әзірлемеден бастап өндіріс пен қаптамаға дейін — бәрі Хомбургта жүзеге асады.

DR.THEISS құралдары Хомбургта — компанияның бас кеңсесі орналасқан жерде шығарылады. Дәрілік заттар өндірісі GMP стандарты бойынша сертификатталған.
Бүгінде компания өнімдерін әлемнің 60-тан астам елінде таңдайды, ал Хомбургта 550-ден астам адам жұмыс істейді.

Өнімдер
Маңызды
DR.THEISS құралдарының арасында дәрілік препараттар мен биологиялық белсенді қоспалар бар. Қолданар алдында нұсқаулықпен танысыңыз. Қарсы көрсетілімдері бар — маманмен кеңесіңіз. ББҚ дәрілік зат болып табылмайды.
Тамақ ауыруы, жөтел, тұмау, иммунитет немесе буындар — мақсатты таңдаңыз, біз қолайлы құралдарды көрсетеміз.