Долгит Долгит барлық құралдары →

Долгит кремі

Төмендегі жағдайларда жергілікті немесе демеуші ем үшін:
- бұлшықет ревматизмі
- ауыру сезімі бар дегенеративті зақымданулар (артроз)
- буындар мен омыртқаның қабынулы ревматикалық зақымданулары 
- буындарға іргелес жұмсақ тіндердің ісінуі немесе қабынуы (мысалы, бурсалар, сіңірлер, сіңір қынаптары, байламдар және буын капсулалары)
- иықтың қозғалмауы, бел ауыруы, люмбаго
- соққы, байламдардың созылуы, буын шығу сияқты спорттық және тұрмыстық жарақаттар

Көлемі
20 г · 50 г · 100 г · 150 г
Өндіруші ел
Германия

Сипаттама

Саудалық атауы

Долгит® крем 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ибупрофен

Дәрілік түрі, дозалануы

Сыртқа қолдануға арналған крем

Фармакотерапиялық тобы

Сүйек-бұлшықет жүйесі. Буын және бұлшықет ауырсынуы кезінде жергілікті  қолдануға арналған препараттар. Жергілікті  қолдануға арналған стероидты емес  қабынуға қарсы препараттар.  Ибупрофен.
АТХ коды  М02АА13

Қолдануға көрсетілімдер

Мына жағдайларда жергілікті немесе демеуші ем ретінде:
- бұлшықет ревматизмі
- ауырсынумен жүретін дегенеративті зақымданулар (артроз)
- буындар мен омыртқаның қабынулық ревматикалық зақымданулары 
- буындарға іргелес жұмсақ тіндердің ісінуі немесе қабынуы (мысалы, бурсалар, сіңірлер, сіңір қынаптары, байламдар және буын капсулалары)
- иықтың қозғалмауы, бел ауыруы, люмбаго
- соғып алу, байламдардың созылуы, буын шығуы сияқты спорттық және тұрмыстық жарақаттар

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қарсы көрсетілімдер
- ибупрофенге және препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық
- анамнезде ацетилсалицил қышқылын немесе басқа да стероидты емес қабынуға қарсы заттарды қолданумен байланысты бронх демікпесі ұстамаларының немесе басқа да аллергиялық көріністердің болуы
- терінің зақымданған беттеріне (ашық жаралар немесе тері аурулары), шырышты қабықтарға және көзге қолдануға болмайды
-  жүктіліктің III триместрі және лактация кезеңі
- 14 жасқа дейінгі балалар жасы
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Қолданылмайды. 
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған 
Арнайы ескертулер
Демікпемен, шөп безгегімен, мұрынның шырышты қабығының ісінуімен (мұрын полиптері деп аталатын) немесе өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен (әсіресе шөп безгегіне ұқсас белгілермен байланысты) ауыратын пациенттерде және барлық түрдегі анальгетиктер мен ревматизмге қарсы заттарға жоғары сезімталдығы бар пациенттерде басқа пациенттермен салыстырғанда демікпе ұстамаларының (анальгетиктерді көтере алмаушылық / анальгетикалық демікпе деп аталатын), крем жағылған жердегі тері мен шырышты қабықтардың ісінуінің (Квинке ісінуі деп аталатын) немесе есекжемнің даму қаупі жоғарырақ болады.
Долгит® крем  препаратын мұндай пациенттерге сақтықпен және дәрігердің бақылауымен тағайындау керек. Препаратты құрамына кіретін басқа компоненттерге гиперсезімталдығы (аллергиясы) бар пациенттерге де сақтықпен тағайындау керек, яғни тері реакцияларының, қышудың немесе есекжемнің пайда болу ықтималдығы бар.
Балалардың осы дәрілік препарат жағылған тері учаскелеріне тимеуін қадағалау керек.
Егер емдеу басталғаннан кейін симптомдар 3 күннен артық сақталса, дәрігермен кеңесу керек.
Пропиленгликоль терінің тітіркенуін тудыруы мүмкін.
Жүктілік кезеңі
Жүктілік кезінде әйелдерде ибупрофенді қолдану қауіпсіздігін бағалау үшін деректер жеткіліксіз. Простагландиндер синтезінің тежелу процесінің жүктілікке әсері белгісіз болып қалатындықтан, препаратты тек жүктіліктің алғашқы алты айында және ана мен шараға келетін пайда мен қаупін мұқият талдағаннан кейін ғана қолдану керек. Ең жоғары тәуліктік доза – 4 -10 см-ден жолақ түрінде кремді 3-4 рет қолдану. Препарат жүктіліктің соңғы триместрінде қолдануға болмайды.
Әсер ету механизміне байланысты босанудың баяулауы, жүктілік пен толғақтың ұзаруы, балада жүрек-қантамыр (Боталло артериялық өзегінің мерзімінен бұрын жабылуы, өкпе гипертензиясы) және бүйрек уыттылығының (олигурия, олигогидрамнион) дамуы, ана мен балада қан кету қаупінің жоғарылауы және анада ісіну даму қаупінің артуы байқалуы мүмкін.
Емізу кезеңі
Белсенді ингредиент ибупрофеннің және оның ыдырау өнімдерінің аз ғана мөлшері емшек сүтіне өтеді. Емшектегі балаға ешқандай жағымсыз салдары анықталмағандықтан және осы уақытқа дейін хабарланбағандықтан, қысқа мерзімді емдеу жағдайында емізуді тоқтату қажетті шарт болып табылмайды. Дегенмен тәуліктік дозадан – тәулігіне 3 - 4 рет 4-10 см-ден жолақ түрінде теріге жағудан асырмау керек. Ибупрофенмен ұзақ емдеу жағдайында емізуді мерзімінен бұрын тоқтатуды қарастыру керек.
Емізетін әйелдерге емшектегі балалардың дәрілік препаратты жұтып қою қаупін болдырмау үшін кремді емшекке жағуға болмайды.
Препараттың көлік құралдарын және әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері   
Долгит® крем препараты бір рет немесе
қысқа мерзімді қолданған жағдайда автокөлікті басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.

ДП стандартты қолдану кезінде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдау керек шаралар (қажет болған жағдайда) 
Жағымсыз реакциялар жиілігінің сандық өлшемшарттары және жағымсыз реакцияларды жүйелік-ағзалық жіктемеге сәйкес және олардың туындау жиілігіне қарай жіктеу (Жанама құбылыстардың жиілігі мынадай өлшемшарттарға сәйкес анықталады: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥ 1/10000-нан  < 1/1000-ға дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес))
Жиі: ең жиі кездесетін жанама әсерлер – эритема, қышу, күйдіру, шаншумен немесе қышитын көпіршіктердің пайда болуымен жүретін экзантема сияқты жергілікті тері реакциялары.
Жиі емес: жергілікті аллергиялық реакциялар (контактілі дерматит) сияқты гиперсезімталдық реакциялары.
Бронх түйілу реакциялары туралы сирек хабарланады. 
Егер Долгит®  крем  препараты терінің үлкен учаскелеріне және ұзақ уақыт бойы жағылса, ибупрофені бар дәрілік заттарды жүйелі қолданғаннан кейін туындауы мүмкін әсерлерге ұқсас, белгілі бір ағза жүйесіне немесе тұтас организмге әсер ететін жанама әсерлерді толығымен жоққа шығаруға болмайды.
Натрий метил-4-гидроксибензоаты гиперсезімталдық реакцияларын, сондай-ақ кешеуілдеген аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе тікелей дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер), соның ішінде дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламалар бойынша ақпараттық деректер базасына жүгіну керек 
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау  комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы
100 г кремнің құрамында
белсенді зат – ибупрофен  5 г      
қосымша заттар: орташа тізбекті триглицеридтер, глицерол моностеараты, поли(оксиэтилен)-30-стеарат, поли(оксиэтилен)-100-стеарат, пропиленгликоль, натрий метилпарагидроксибензоаты, ксантан шайыры,  лаванда майы, нероли майы (цитрус хош иістендіргіші), тазартылған су.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Біртекті, жұмсақ  консистенциялы, ақшыл-кілегей түсті, лаванда және нероли майларының иісі бар крем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Препараттың 20  г, 50 г немесе 100 г-нан ішкі бетінде лак жабыны бар және бұралатын пластмасса қақпағы бар алюминий тубаларға салынады.
1 тубадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге сары түсті картон  қорапқа салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25 оС-ден аспайтын температурада  сақтау керек.
Мұздатуға болмайды!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз
Өндіруші туралы мәліметтер
Долоргит ГмбХ и Ко. КГ, Германия
Отто-фон-Гюрике-штрассе 1, 53757  Санкт Августин, Германия  

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Долоргит ГмбХ и Ко. КГ, Германия
Отто-фон-Гюрике-штрассе 1, 53757  Санкт Августин, Германия  

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік  заттардың  сапасы бойынша шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың қауіпсіздігін тіркеуден кейінгі қадағалауға  жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері  (телефон, электрондық  пошта) 
«Натусана» ЖШС, 050046, Алматы қ., Ислам Каримов к-сі, 198А үй
Тел./факс: 8 (727) 268-31-66 ,info@natusana.kz

Медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық

Нұсқаулықты жүктеу PDF · 233 КБ

Саудалық атауы
Долгит® крем

Халықаралық патенттелмеген атауы
Ибупрофен

Дәрілік түрі, дозасы
Сыртқа қолдануға арналған крем

Фармакотерапиялық тобы
Сүйек-бұлшықет жүйесі. Буын және бұлшықет ауыруында жергілікті қолдануға арналған препараттар. Жергілікті қолдануға арналған қабынуға қарсы стероидты емес препараттар. Ибупрофен.
АТХ коды М02АА13

Қолданылуы

Мынадай жағдайларда жергілікті немесе демеуші ем үшін:

- артрит (ревматоидты, псориаздық)

- ревматизм мен подаграның өршуіндегі буын синдромы

- иық-жауырындық периартрит

- Бехтерев ауруы (шорбуынданатын спондилит)

- деформацияланатын остеоартроз

- түбіршекті синдромы бар остеохондроз

- радикулит

- ишиас

- миалгия (шығу тегі ревматизмдік және ревматизмдік емес)

- люмбаго

- тендинит, тендовагинит, бурсит

- жұмсақ тіндердің тұтастығын бұзбай (соның ішінде шығып кетулер, созылулар, бұлшықеттердің немесе байламдардың жыртылуы, соғылулар, жұмсақ тіндердің жарақаттан кейінгі ісінулері) жарақаттар (спорттық, өндірістік, тұрмыстық) .

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- ибупрофенге және препараттың басқа компоненттеріне немесе басқа анальгетиктерге немесе ревматизмдік дәрілерге жоғары сезімталдық

- анамнезде ацетилсалицил қышқылын немесе қабынуға қарсы стероидты емес басқа дәрілерді қолдануға байланысты болатын бронх демікпесі ұстамалары немесе басқа аллергиялық көріністердің болуы

- терінің зақымдалған беткейлеріне (ашық жаралар немесе тері аурулары), сондай-ақ экземаға немесе шырышты қабықтарға қолдануға болмайды

- жүктіліктің III триместрі және лактация кезеңі

- 14 жасқа дейінгі балалар

Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары

Қатысты емес.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Долгит® крем препаратын қолдану кезінде қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес басқа препараттармен дәрілік өзара әрекеттесу туралы хабарланған жоқ. Қолдану жөніндегі нұсқаулықта емдеуші дәрігерге ілеспе препараттарды қабылдау немесе қандай да бір дәрілік препараттарды жақында қолдану туралы хабарлау қажет екендігі туралы ескертпе берілген.

Арнайы ескертулер

Демікпе, пішен қызбасы, мұрын шырышты қабығының ісінуіне (мұрын полиптері деп аталатын) немесе өкпенің созылмалы обструктивті ауруына шалдыққан (әсіресе пішен қызбасына ұқсас симптомдармен байланысты) пациенттерде және анальгетиктер мен барлық түрдегі ревматизмге қарсы дәрілерге жоғары сезімталдығы бар пациенттерде басқа пациенттермен салыстырғанда демікпе ұстамалары дамуының анағұрлым жоғары қаупі (анальгетиктер жақпаушылығы / анальгетикалық демікпе деп аталатын), крем жаққан жердегі терінің және шырышты қабықтың ісінуі (Квинке ісінуі деп аталатын) немесе есекжем байқалады.

Долгит® крем препаратын мұндай пациенттерге сақтықпен және дәрігердің бақылауымен тағайындау керек. Препаратты препарат құрамына кіретін басқа компоненттерге аса жоғары сезімталдығы (аллергиясы) бар пациенттерге де сақтықпен тағайындау керек, яғни тері реакциялары, қышыну немесе есекжемнің пайда болу ықтималдығы бар.

Терінің ауыр жағымсыз реакциялары (ТАЖР), соның ішінде эксфолиативті дерматитті, мультиформалы эритеманы, Стивенс-Джонсон синдромын (СДС), уытты эпидермалық некролиз (УЭН), эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен (DRESS синдромы) дәрілік заттарға реакция және өмірге қауіп төндіретін немесе өлімге әкелетін, ибупрофенді қолдануға байланысты хабарланған жедел жайылған экзантематозды пустулезді (ЖЖЭП) қоса. Бұл реакциялардың көпшілігі бірінші айда пайда болды. Егер осы реакцияларды көрсететін белгілер мен симптомдар пайда болған кезде, ибупрофенді дереу тоқтатып, баламалы емдеуді қарастыру керек (қажет болған жағдайда).

Балалар осы дәрілік препаратпен өңделген тері аймақтарына тиіп кетпеуі үшін абай болу керек.

Егер емдеу басталғаннан кейін симптомдар 3 күннен астам уақытқа созылса, дәрігермен кеңесу керек.

Пропиленгликоль теріні тітіркендіруі мүмкін.

Метил-4-натрий гидроксибензоаты аса жоғары сезімталдық реакцияларын, соның ішінде кеш реакцияларды тудыруы мүмкін.

Бұл дәрінің құрамында аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін бензил спирті, бензилбензоат, цитраль, цитронеллол, кумарин, эвгенол, фарнезол, гераниол, лимонен/d-лимонен, линалоол бар хош иістендіргіш бар.

Жүктілік

Жүктілік кезінде Долгит® кремнің жергілікті түрлерін қолдану туралы клиникалық деректер жоқ. Жүйелік әсер пероральді қолданумен салыстырғанда төмен болса да, жүйелік әсер жергілікті қолданғаннан кейін қол жеткізілген Долгит® кремнің эмбрионға/шаранаға зиянды болуы мүмкін екендігі белгісіз. Жүктіліктің бірінші және екінші триместрінде Долгит® кремді нақты қажеттіліксіз қолдануға болмайды. Қолдану жағдайында доза мүмкіндігінше төмен болуы керек, ал емдеу ұзақтығы мүмкіндігінше қысқа болуы керек.

Жүктіліктің үшінші триместрінде, Долгит® кремін қоса, простагландинсинтетаза тежегіштерін жүйелі қолдану, шаранада жүрек-өкпе және бүйрек уыттылығын тудыруы мүмкін. Жүктіліктің соңында анада да, балада да қан кету уақытының ұзаруы, сондай-ақ босанудың кідірісі мүмкін. Сондықтан Долгит® кремін жүктіліктің соңғы триместрінде қолдануға болмайды.

Бала емізу

Ибупрофеннің белсенді ингредиенті мен оның ыдырау өнімдерінің аздаған мөлшері ғана емшек сүтіне енеді. Емшектегі бала үшін ешқандай жағымсыз салдары осы уақытқа дейін анықталмаған және хабарланбағандықтан, бала емізуді тоқтату қысқа мерзімді емдеу жағдайында қажетті шарт болып табылмайды. Дегенмен, тәуліктік доза - 4-10 см жолақпен тәулігіне 3 – 4 рет теріге жағудан аспауы тиіс. Ибупрофенмен ұзақ емдеген жағдайда бала емізуді мерзімінен ерте тоқтатуды қарастырған жөн.

Бала емізетін әйелдерге дәрілік препаратты олардың емшектегі балаларының жұтып қою қаупін болдырмас үшін кремді омырауға қолдануға болмайды.

Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Долгит® крем препараты бір рет немесе қысқа мерзімді қолдану жағдайында автокөлікті басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Кремді ауыратын бөлік аймағының терісіне тәулігіне 3-4 рет жағып, препарат толық сіңгенше жеңіл қимылмен сылайды. 2-5 г кремге сәйкес (100-250 мг ибупрофен) ұзындығы 4-10 см крем жолағын пайдаланады.

Ең жоғары тәуліктік доза 20 г кремді құрайды, бұл 1000 мг ибупрофенге сәйкес келеді.

Ревматизм ауруларында емдеу ұзақтығы аурудың ауырлық дәрежесі мен зақымдану сипатына байланысты.

Қолдану тәсілі

Сыртқа!

Долгит® кремін теріге жағады және жеңіл қимылмен сылайды. Қарқынды гематома және созылу жағдайларында емнің басында окклюзиялық таңғышты қолдану пайдалы болуы мүмкін.

Белсенді компоненттің тері арқылы енуі ионтофорезбен (электротерапияның ерекше түрі) күшейтілуі мүмкін. Кремді катод астында (теріс полюс) жағу керек. Тоқтың қарқындылығы электродтың 5 см² бетінде 0,1 - 0,5 мА және ұзақтығы 10 минуттан аспауы керек.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды. Әдетте, 2-3 апта бойы қолдану жеткілікті. Осы кезеңнен кейін емдік әсері дәлелденген жоқ.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Егер жергілікті қолданғанда ұсынылған дозадан асып кетсе, кремді алып тастап, сумен шаю керек. Кремді өте көп мөлшерде қолданған жағдайда немесе препаратты кездейсоқ жұтып қойған жағдайда дәрігерге қаралыңыз. Спецификалық антидоты жоқ.

ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар (қажет болған жағдайда)

Жағымсыз реакциялар жиілігінің сандық критерийлері және жүйелік-ағзалық жіктемесіне және олардың туындау жиілігіне сәйкес жағымсыз реакциялардың жіктелуі (Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес))

  • Иммундық жүйе тарапынан:

Жиі емес: жергілікті аллергиялық реакциялар (жанаспалы дерматиті) сияқты аса жоғары сезімталдық реакциялары.

  • Тыныс алу, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан:

Өте сирек: бронхтүйілулер

  • Тері және тері асты тіндері тарапынан:

Жиі: эритема, қышыну, ашыту, бөртпе, сондай-ақ пустуляция немесе есекжем сияқты жергілікті тері реакциялары.

Өте сирек: терінің ауыр жағымсыз реакциялары (ТАЖР) (соның ішінде мультиформалы эритема, эксфолиативті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермалық некролиз).

Белгісіз: фотосезімталдық реакциялары, эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен дәрілік заттарға реакциялар (DRESS синдромы), жедел жайылған экзантематозды пустулез (ЖЖЭП).

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

100 г кремнің құрамында

белсенді зат– ибупрофен 5 г

қосымша заттар: орташа тізбекті триглицеридтер, глицерол моностеараты, поли(оксиэтилен)-30-стеарат, поли (оксиэтилен)-100-стеарат, пропиленгликоль, натрий метилпарагидроксибензоаты, ксантан шайыры, лаванда майы, нерол майы (цитрус хош иістендіргіші), тазартылған су.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Лаванда мен нерол майларының иісі бар ақшыл-крем түсті жұмсақ консистенциялы біртекті крем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

20 г, 50 г, 100 г немесе 150 г препараттан ішкі жағы лакпен жабылған және бұрандалы пластмасса қалпақшасы бар алюминий сықпаға салынған.

1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге сары түсті картон қорапқа салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл,

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

Долоргит ГмбХ және Ко. КГ, Германия

Отто-фон-Гюрике-штрассе 1, 53757 Санкт Августин, Германия

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Долоргит ГмбХ және Ко. КГ, Германия

Отто-фон-Гюрике-штрассе 1, 53757 Санкт Августин, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)

«Натусана» ЖШС, Қазақстан Республикасы

050046, Алматы қ., Ислам Каримов көш., 198А

Тел./факс: 8 (727) 268-31-66

Электрондық пошта: info@natusana.kz

Мәтінді соңғы қайта қарау күні

07.2024

Бекітілген нұсқаулықтың мәтіні (қосымша парақ). Қолданар алдында маманмен кеңесіңіз.