DR.THEISS DR.THEISS барлық құралдары →

ЭВКАЛИПТ жақпамайы DrTheiss

Антисептикалық, қақырық түсіретін, жергілікті тітіркендіргіш және қабынуға қарсы әсер береді.

Көлемі
50 г
Өндіруші ел
Германия

Сипаттама

Құрамы: эвкалипт майы 7,5 г, қарағай қылқанының майы 7,5 г, камфора (рацемиялық) 5,0 г, қосымша заттар: тазартылған жүгері майы; қатты май; сары балауыз.

Фармакологиялық әсері: антисептикалық, қақырық түсіретін, жергілікті тітіркендіргіш және қабынуға қарсы әсер береді.
микроорганизмдерге (оның ішінде алтын түсті стафилококк пен туберкулез микобактерияларына).
Қолдану көрсетілімдері: қиын бөлінетін қақырықтың түзілуімен және жөтелмен қатар жүретін жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының қабыну аурулары, соның ішінде бронхит — кешенді ем құрамында.

Қарсы көрсетілімдер: препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық, бронх демікпесі, түйілмелі жөтел, тері жабынының зақымдануы, препаратты жағу көзделген жерде тері ауруларының болуы, балалық жас (4-x жасқа дейін)

Жүктілік және емізу кезеңінде дәрігердің ұсынымы бойынша қолдануға болады.

Жанама әсерлері: аллергиялық реакциялар, бронх түйілуі болуы мүмкін. Сирек жағдайларда — камфора әсерінен құрысулар дамуы мүмкін.

Ингаляция түрінде. Ыстық ерітінді дайындайды (0,5–1 л ыстық, бірақ қайнамаған суға препараттың 2 шай қасығын ерітеді) және 5–10 мин бойы ингаляция жасайды.

Медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық

Нұсқаулықты жүктеу PDF · 293 КБ

Саудалық атауы
Доктор Тайсс Эвкалипт

Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ

Дәрілік түрі, дозалануы
Ингаляция және сыртқа қолдануға арналған жақпамай

Фармакотерапиялық тобы
Респираторлық жүйе. Жөтел және суық тию аурулары кезінде қолданылатын препараттар. Суық тию аурулары кезінде қолданылатын басқа препараттар.
АТХ коды R05Х

Қолданылуы

Бронхитті қоса, жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының бөлініп шығуы қиын қақырық түзілуімен және жөтелмен қатар жүретін қабыну ауруларын кешенді емдеу құрамында

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді компоненттеріне немесе кез келген басқа қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық

- ауру тарихында құрысулар бар балалар (фебрильді немесе онсыз)

- бронх демікпесімен, көкжөтелмен, жалған қыспақпен және тыныс алу жолдарының аса жоғары сезімталдығымен астасатын тыныс алу жолдарының басқа ауруларынан зардап шегетін пациенттер, өйткені тыныс алу бронх бұлшықеттерінің түйілуін туындатуы мүмкін

- тыныс алу жолдарының инфекциялық қабыну ауруларының жедел сатыларында және жедел пневмонияда ингаляция жасауға

- препаратты тері аурулары болғанда және бөртпемен (экзантема) бірге жүретін балалар ауруларында тағайындамайды

- препаратты ашық жараларда немесе терінің зақымданған бөліктерінде, мысалы күйіктерде пайдалануға болмайды

- препаратты тек терінің зақымданбаған бөлігіне ғана жағу керек

- 4 жасқа дейінгі балаларға сыртқа

- 6 жасқа дейінгі балаларға ингаляция жасауға

Қолдануға қатысты сақтық шаралары

Қатысты емес.

Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Эвкалипт майы бауырдың микросомальді ферменттерінің белсенділігін индукциялайды. Тиісінше басқа дәрілік препараттардың, атап айтқанда аминопирин, амфетамин және фенобарбиталдың әсері әлсіретілуі мүмкін. Ұзақ мерзімді емдегенде және терінің үлкен бөліктерінде қолданғанда белсенді заттардың теріге сіңуінен бұндай фактіні жоққа шығаруға болмайды.

Арнайы ескертулер

Көзге және шырышты қабықтарға, зақымданған теріге, бетке түсуіне жол бермеу керек. Қолданудың алдында науқастардың эвкалипт майын көтере алушылығын тексеру керек.

3-5 күннен аса жалғасатын ауруларда, демікпеде, бас ауыруында, қызбада, іріңді/қанды қақырықта немесе мұрыннан іріңді/қанды бөліністер болғанда пациенттер дәрігерге шұғыл көрінулері қажет.

Терінің жақпамаймен өңделген аймақтарына балалардың жанасуына жол бермеу қажет.

Егер сізде осы дәріні қолдану жөнінде сұрақтар туындаса, дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.

Препаратты қолданғаннан кейін қолды жақсылап жуу керек.

Күйдіру қаупі мүмкін болғандықтан балаларды қараусыз қалдыруға болмайды!

Камфора және 1,8 цинеол нәрестелерде және 2,5 жасқа дейінгі балаларда қатты тыныс алу немесе апноэға байланысты көмейдің тарылуына әкелуі мүмкін.

Егер бала дәрілік затты кездейсоқ жұтып қойған жағдайда, кез-келген емдеуді ұсына алатын дәрігермен тез арада кеңесу қажет. Құсуды тудыруға тырыспаңыз.

Жүктілік немесе бала емізу кезеңінде қолдану

Жүктілік пен бала емізу кезеңінде қолданудың жеткілікті деректері жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Автокөлікті немесе басқа механизмдерді басқару қабілетіне теріс ықпалы байқалмаған.

Қолдануға арналған ұсыныстар

Дозалау режимі

Сыртқа. Ересектер мен 4 жастан асқан балаларға жақпамайды жұқа қабатпен арқасы мен кеуде терісіне жеңіл уқалай отырып жағып, содан кейін жағылған жердің жылуын сақтау үшін жылы мақта-матадан тоқылған сүлгімен жауып қою керек. Емшараны күніне бірнеше рет, әсіресе түнге қарай қайталайды.

Ингаляция түрінде. Ересектер мен 6 жастан асқан балаларға. Ыстық ерітіндіні (1 л ыстық суда, бірақ қайнап тұрған емес, 2 шай қасық препаратты ерітеді) дайындайды және 5-10 минут бойы ингаляция жүргізеді.

Емдеу курсы – дәрігердің ұсынысы бойынша.

Қолдану тәсілі мен бағыты

Сыртқа немесе ингаляция түрінде.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажеті шаралар

Емдеу симптоматикалық.

Препаратты қалай қолдану керектігін түсіндіру үшін медициналық маманнан кеңес алу ұсыныстары

Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігеріңізден немесе фармацевтіңізден кеңес алыңыз.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар (қажет болғанда)

Жағымсыз реакциялардың біліну жиілігі келесі түрде жіктелген:

Өте жиі (≥1/10), жиі (≥ 1/100 - <1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1,000 - <1/100 дейін), сирек (≥ 1/10,000 - <1/1,000 дейін), өте сирек (<1/10,000), белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкіндігі жоқ)

Белгісіз

- терінің және шырышты қабықтың тітіркенуі

- елестеулер

- терінің үлкен бөліктерінде сыртқа қолдану нефроуыттылық, ОЖЖ зақымдануы сияқты (мысалы, камфора қолданғаннан кейін) уыттылық симптомдарын туындатуы мүмкін.

- ентігу және экспираторлық ентігу. Соңынан апноэ болатын демікпеге ұқсас жай-күймен қатарлас жүретін бронх түйілуі рефлекс ретінде туындауы мүмкін

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

100 г препараттың құрамында

белсенді заттар: 7,5 г эвкалипт майы,

7,5 г қарағай қылқаны майы,

5,0 г камфора (рацемиялық),

қосымша заттар: тазартылған жүгері майы; қатты май; сары ара балауызы.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Эвкалипт майы мен камфораға тән иісі бар бозаң-сары түсті жартылай мөлдір гомогенді жақпамай.

Шығарылу түрі және қаптамасы

20 г немесе 50 г препараттан көпіршіктелген полиэтиленмен желімдеп жапсырылатын қара немесе қызыл бұрандалы полипропилен қақпақпен жабылған мойны кең қоңыр банкіге салынады.

Банкіге өздігінен желімделетін заттаңба жапсырылады.

1 банкі медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Қаптама ашылғаннан кейін жақпамайды 6 айға дейін тоңазытқышта сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәлімет

Др. Тайсс Натурварен ГмбХ

Михелинштрассе 10, 66424 Хомбург, Германия

Тел./факс: + 49-6841-709-0/ + 49-6841-709-265

Электронды пошта: info@naturwaren-theiss.de

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Др. Тайсс Натурварен ГмбХ

Михелинштрассе 10, 66424 Хомбург, Германия

Тел./факс: + 49-6841-709-0/ + 49-6841-709-265

Электронды пошта: info@naturwaren-theiss.de

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)

«Натусана» ЖШС, Қазақстан Республикасы

050046, Алматы қ., Ислам Каримов көш.,198А

Тел./факс: 8 (727) 268-31-66

Электронды пошта: info@natusana.kz

Бекітілген нұсқаулықтың мәтіні (қосымша парақ). Қолданар алдында маманмен кеңесіңіз.