Сипаттама
Құрамы: белсенді зат – шырмауық жапырақтарының құрғақ сығындысы (4 - 8:1)1 – 1,392 мг, қосымша заттар: калий сорбаты, гидроксиэтилцеллюлоза (Hyetellose), қара қарақат хош иістендіргіші, мальтитол ерітіндісі (Lycasin®), сусыз лимон қышқылы, тазартылған су.
Шырмауық жапырақтарынан (Hedera helix L.) 30% (м/м) этанолмен экстракцияланып жасалған
Сипаттамасы: Қарақаттың өзіне тән иісі бар, қоңыр-сары түсті, сәл бұлыңғыр ерітінді.
Фармакологиялық қасиеттері: Фармакокинетикасы Фармакокинетика және биожетімділік бойынша зерттеу деректері жеткіліксіз.
Фармакодинамикасы: Шырмауық жапырақтарынан жасалған препараттар секретолитикалық және бронхоспастикалық әсеріне байланысты негізінен тұтқыр шырыштың шамадан тыс бөлінуімен және жөтелмен сипатталатын респираторлық ауруларды емдеуде қолданылады. Шырмауығы бар Мукоплант жөтелге қарсы шәрбатының құрамында шырмауық жапырақтарының сығындысы бар, ол муколитикалық және спазмолитикалық әсер етіп, тегіс бұлшықеттердің түйілуін азайтады және осылайша бронхолитикалық әсер көрсетеді. Сондай-ақ оның бактерияға қарсы әсері сипатталады, ол негізінен тритерпенді сапониндердің болуына байланысты. Негізгі құрамдас бөліктері басым түрде альфа-хедерин мен хедераказид С болып табылады.
Қолда бар деректерге сәйкес, бронходилатация бета-2-адренорецептор арқылы жүзеге асады. α-хедерин бета-2-адренорецепторлардың белсенділігін арттырады және осылайша бронхтарды кеңейтетін әсер көрсетіп, беттік белсенді заттың түзілуін күшейтеді, бұл секреттің тұтқырлығын төмендетуге және оның тыныс алу жолдарынан шығуын жеңілдетуге әкеледі. Қақырық түсіретін әсері асқазанның шырышты қабығын тітіркендіруге негізделген, бұл парасимпатикалық жүйке жүйесінің сенсорлық талшықтары арқылы бронх бездерінің жұмысын рефлекторлық түрде күшейтеді.
Қолдануға көрсетілімдер: өнімді жөтел кезінде қақырық түсіретін құрал ретінде
Жанама әсерлері: Жиі емес
- асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар (жүрек айнуы, құсу, диарея)
- аллергиялық реакциялар (есекжем, терідегі бөртпе, ентігу, анафилаксиялық реакция)
Қарсы көрсетілімдер
- шырмауық жапырақтарының сығындысына, аралия тұқымдасының өсімдіктеріне немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық
- препараттың секретолитикалық қасиеттерімен байланысты тыныс алу симптомдарының нашарлау қаупіне байланысты 2 жасқа дейінгі балалар жасы
Дәрілік өзара әрекеттесулер: Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі туралы деректер жоқ, алайда шәрбатпен бір мезгілде қандай да бір дәрілік препараттарды қабылдасаңыз немесе оларды жақында қабылдаған болсаңыз, бұл туралы міндетті түрде дәрігеріңізге хабарлаңыз.
Ерекше нұсқаулар
- егер ауру белгілері жойылмаса немесе ентігу, дене қызуының көтерілуі, сондай-ақ жөтелгенде іріңді немесе қан аралас қақырық пайда болса, дереу дәрігермен кеңесу қажет
- 2-4 жастағы балаларда қолдану үшін дәрігердің ұсынымы қажет
- асқазан-ішек жолы аурулары (гастрит, асқазанның ойық жарасы және т.б.) бар пациенттерге препаратты сақтықпен қабылдау керек
- препаратты қабылдау өткізіп алынған жағдайда, екі есе доза қабылдамаңыз
- фруктозаны тұқым қуалайтын көтере алмаушылығы бар пациенттерге шырмауығы бар Мукоплант жөтелге қарсы шәрбатын қабылдауға болмайды
- 10 мл шәрбатта 4 г мальтитол ерітіндісі бар, бұл шамамен 0,3 нан бірлігіне сәйкес келеді. Бұл ақпарат қант диабетімен ауыратын адамдар үшін маңызды. Калория мөлшері 2.3 ккал/г мальтитол ерітіндісі
- мальтитол ерітіндісі жеңіл іш жүргізетін әсер етуі мүмкін
- егер препаратты қолдану кезінде симптомдар бір аптадан артық сақталса, дәрігермен кеңескен жөн
- егер әсері тым күшті немесе тым әлсіз болып көрінсе, дәрігермен кеңесіңіз.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүкті әйелдердің және емізетін аналардың шырмауық жапырақтарының құрғақ сығындысын қолдануы туралы деректер жеткіліксіз болғандықтан, шырмауығы бар Мукоплант жөтелге қарсы шәрбатын жүкті және емізетін әйелдерге қолдану ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе басқа да әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.
Көлік құралын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсері туралы ешқандай зерттеу жүргізілмеген.
Шырмауығы бар Мукоплант жөтелге қарсы шәрбатының көлік құралын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі мүмкін екені туралы хабарланбаған.
Артық дозалануы: Препаратты тәуліктік дозадан үш еседен асатын көп мөлшерде қабылдау жүрек айнуын, құсуды, диареяны және қозуды тудыруы мүмкін.
Емі: Симптоматикалық.
Шығарылу түрі және қаптамасы: 100 немесе 250 мл-ден