DR.THEISS DR.THEISS барлық құралдары →

Мукоплант жолжелкен қосылған жөтелге қарсы шәрбат

Жөтелге қарсы қақырық түсіретін құрал

Көлемі
100 г · 250 г
Өндіруші ел
Германия

Сипаттама

Құрамы: белсенді зат – қандауыр тәрізді жолжелкеннің сұйық спирттік сығындысы (1 : 1) (20% (м\м))1 – 5.00 г, қосымша заттар: қант қызылшасының шәрбаты, инвертті қант шәрбаты, тазартылған су, бал, калий сорбаты, бұрыш жалбызының майы. Дайын өнімде 1 : 20 спирттік сығындыны 20 % (м/м) сұйылту есебінен шамамен 1 % этанол (м/м) бар

Сипаттамасы

Фармакологиялық қасиеттері
Қандауыр тәрізді жолжелкен шөбінің сығындысында қабынуға қарсы, түйілуге қарсы, биоадгезивті, бактерияға қарсы және иммунитетті ынталандыратын қасиеттері бар заттар болады. Айқын муколитикалық әсер етеді, бронхтардан шырыштың шығарылуын жеңілдетеді. Bacillus subtilis, B. cereus, Klebsilla pneumoniae, Mycobacterium phlei, Pseudomonas aerugenosa, Proteus vulgare, Staphylococcus aureus, Streptococcus P-haemolyticus, S. Pyocyaneus сияқты микроорганизмдерге, сондай-ақ Salmonella мен Shigella-ның кейбір штаммдарына қатысты микробқа қарсы белсенділік танытады. Қандауыр тәрізді жолжелкен жапырақтарының полисахаридтері гранулоциттердің фагоцитозын және хемилюминесценциясын күшейтеді. Plantago lanceolata және/немесе оның компоненттерінің бауырды қорғаушы, ісіктің өсуін тежеуші және фотопротекторлық қасиеттері белгілі. Қандауыр тәрізді жолжелкен шөбінің сығындысы ортаңғы құлақтың қабынуында тиімді. Бездердің секрециясын күшейтеді, ас қорытуды қалыпқа келтіреді, шырышты қабықтар мен терінің регенерациясын ынталандырады, құрамында 10% дейін илік заттар бар, сондықтан құрғақ шикізат іріңді жараларда, баздануда, тершеңдік күшейгенде себінді түрінде қолданылады.

Қолдануға көрсетілімдер

- қақырығы қиын бөлінетін жөтелмен қатар жүретін тыныс алу жолдарының қабыну аурулары (кешенді ем құрамында).

Жанама әсерлері

- аллергиялық реакциялар болуы мүмкін. 

Қарсы көрсетілімдер

- препарат компоненттеріне (оның ішінде ара шаруашылығы өнімдеріне) жоғары жеке сезімталдық
- 1 жасқа дейінгі балалар жасы 
- сахароза/изомальтоза тапшылығы, фруктозаны көтере алмаушылық, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
Ересектер дозасы 15,0 мл қолданылғанда 
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
- эпилепсиясы бар адамдар
- жүктілік және лактация кезеңі 
- бауыр аурулары бар науқастар
- алкоголизмнен зардап шегетін адамдар

Дәрілік өзара әрекеттесулер

Қақырықты сұйылтып шығаруды қиындататындықтан, қақырыққа қарсы препараттармен және қақырықтың түзілуін азайтатын дәрілік заттармен бір мезгілде қолданбаған жөн. 

Ерекше нұсқаулар

Шәрбаттың құрамында көмірсулар бар, мұны қант диабетімен ауыратын науқастарға, сондай-ақ гипокалориялы диетада ескеру қажет. 
1 шай қасық шәрбатта (5 мл) 1,81 г көмірсу бар. Науқас бір рет қабылдағанда 0,9 г (1/2 шай қасық – 0,075 нан бірлігіне сәйкес) бастап 5,43 г (1 ас қасық немесе 3 шай қасық – 0,45 нан бірлігіне сәйкес) дейін көмірсу алады. 
Жүктілік және емізу кезеңінде қолдану  
Құрамында этанол болғандықтан, препарат жүктілік және лактация кезеңінде қарсы көрсетілген.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері 
Препарат зейін қоюды және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын арттыруды талап ететін ықтимал қауіпті қызмет түрлерін (оның ішінде көлік құралдарын басқару, қозғалмалы механизмдермен жұмыс істеу) орындау қабілетіне әсер етпейді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

100 мл немесе 250 мл 

Медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық

Нұсқаулықты жүктеу PDF · 216 КБ

Саудалық атауы
Мукоплант жолжелкенмен

Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ

Дәрілік түрі, дозасы
Жөтелге қарсы шәрбат, 100 мл немесе 250 мл

Фармакотерапиялық тобы
Респираторлық жүйе. Жөтел және суық тию аурулары кезінде қолданылатын препараттар. Суық тию аурулары кезінде қолданылатын басқа препараттар.
АТХ коды R05X

Қолданылуы

- қақырығы қиын бөлінетін жөтелмен қатар жүретін тыныс жолдарының қабыну ауруларында (кешенді ем құрамында).

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне (оның ішінде ара шаруашылығы өнімдеріне) немесе қосымша заттардың кез келгеніне жекелей жоғары сезімталдық

- 1 жасқа дейінгі балалар

- сахараза/изомальтаза тапшылығы, фруктоза көтере алмаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

15.0 мл ересектер дозасын қолданған кезде

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
  • эпилепсиядан зардап шегетін адамдар
  • жүктілік және лактация кезеңі
  • бауыр аурулары бар науқастар
  • алкоголизммен зардап шегетін адамдар

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Бұл дәрілік препараттың құрамында әрбір мл-де 13 мг спирт (этанол) бар, бұл 10.5 мг/г-ға баламалы. Дәрілік препараттың 15 мл мөлшері 6 мл сырадан немесе 3 мл шараптан аз мөлшерге баламалы. Осы дәрілік препарат құрамындағы аз мөлшердегі спирт көлемі қандай да бір айқын әсер көрсетпейді.

Бұл дәрілік препараттың құрамында глюкоза, фруктоза және сахароза бар. Доза (15 мл) құрамында 2.8 г глюкоза, 2.7 г фруктоза және 4.3 г сахароза бар. Мұны қант диабеті бар пациенттер ескеруі тиіс. Егер сіздің дәрігеріңіз сізде (немесе сіздің балаңызда) кейбір қанттарды көтере алмаушылық бар екендігін айтса, немесе сирек тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы (HFI), сирек генетикалық ауру, организмнің фруктозаны ыдырата алмау жағдайы диагностикаланған болса, сізге осы препаратты қабылдамас бұрын өз дәрігеріңізбен сөйлесіңіз.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Жөтелге қарсы препараттармен және сұйылтылған қақырықтың жөтелмен шығуын қиындататындықтан қақырық түзілуін азайтатын дәрілік заттармен бір мезгілде қолданбаған жөн.

Арнайы ескертулер

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік және бала емізу кезіндегі қауіпсіздігі анықталмаған. Препаратты жүктілік және бала емізу кезінде қолдану туралы жеткілікті деректер болмаған жағдайда қолдануға болмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат жоғары зейін қоюды және психомоторлық реакциялар жылдамдығын қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерін (оның ішінде көлік құралдарын жүргізу, қозғалатын механизмдермен жұмыс істеу) атқару қабілетіне әсер етпейді.

Қолдану бойынша ұсынымдар

Дозалау режимі

Ішке, судың аздаған мөлшерімен іше отырып:

- 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға әр 3-4 сағат сайын 2.5 мл-ден, бірақ тәулігіне 4 реттен асырмай қабылдау керек;

- 6 жастан асқан балалар және жасөспірімдерге - әр 2-3 сағат сайын 5 мл-ден, бірақ тәулігіне 4 реттен асырмай;

- ересектерге әр 2-3 сағат сайын 15 мл-ден.

Дұрыс дозалау үшін қоса берілген өлшеуіш стақанды пайдалану керек.

Қолдану ұзақтығы:

Егер симптомдар дәрілік затты қолдану аясында 1 аптадан ұзақ сақталса, дәрігермен немесе білікті фармацевтпен кеңесу керек.

Енгізу әдісі мен жолы

Пероральді.

Артық дозаланғанда қабылдануы қажет шаралар

  • Артық дозалану жағдайлары туралы хабарланбаған.
  • Егер сіз препаратты ұсынылғаннан артық дозада қабылдасаңыз, өзіңіздің дәрігеріңізбен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар

Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын кеңес алу үшін дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар (қажет болса)
  • Жиі емес

- диарея

  • Өте сирек
  • - терінің аллергиялық реакциясы

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

100 г препараттың құрамында

белсенді зат - қандауыр тәрізді жолжелкен сұйық экстрактісі (1 : 1) спиртті (20% (м\м))1 - 5.00 г,

қосымша заттар: қант қызылшасы шәрбаты, инвертті қанттан алынған шәрбат, тазартылған су, бал, калий сорбаты, бұрыш жалбызы майы.

1 – Соңғы өнім құрамында 1 % жуық этанол (м/м) бар, 1 : 20 спирт экстрактісін 20 % (м/м) сұйылту есебінен

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Хош иісті және өзіне тән тәтті дәмі бар күңгірт-қоңыр түсті тұтқыр сұйықтық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

100 мл немесе 250 мл препараттан бұрандалы пластик қақпағы бар қоңыр шыныдан жасалған шыны құтыларға құйылған.

1 құты (2.5 мл, 5 мл, 10 мл, 15 мл) шкаласы бар өлшеуіш стақанымен және медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Құтыны алғаш ашқаннан кейін 3 айдан артық емес.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Қақпақпен тығыз жабылған қаптамада 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

Др. Тайсс Натурварен ГмбХ

Михелинштрассе 10, 66424 Хомбург, Германия

Тел./факс: + 49-6841-709-0/ + 49-6841-709-265

Электронды пошта: info@naturwaren-theiss.de

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Др. Тайсс Натурварен ГмбХ

Михелинштрассе 10, 66424 Хомбург, Германия

Тел./факс: + 49-6841-709-0/ + 49-6841-709-265

Электронды пошта: info@naturwaren-theiss.de

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасы бойынша шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың қауіпсіздігін тіркеуден кейінгі бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)

«Натусана» ЖШС, Қазақстан Республикасы

050046, Алматы қ., Ислам Каримов көш., 198А

Тел./факс: 8 (727) 268-31-66

Электрондық пошта: info@drtheiss.kz

Бекітілген нұсқаулықтың мәтіні (қосымша парақ). Қолданар алдында маманмен кеңесіңіз.