Сипаттама
Құрамы: 100 грамм шәрбатта белсенді зат ретінде: 4,5 г жолжелкен сығындысы ,1:1 (4,5%), алкогольсіз.
Қосымша заттар: сорбитол, мальтит шәрбаты, тазартылған су, аскорбин қышқылы, күлгін эхинацея сығындысы (34-44:1), бұрышты жалбыз эфир майы, мальтодекстрин, калий сорбаты. Бұл табиғи препараттың құрамында қант пен бояғыштар жоқ.
Сипаттамасы: жөтелге қарсы тиімді табиғи құрал. Шәрбат құрамындағы дәрілік шөптер сығындысы мен С дәрумені жөтел кезінде қақырықтың сұйылуына және шығуына ықпал етеді. Германияда өндірілген.
Фармакологиялық әсері: жөтел кезінде қақырықтың сұйылуына және шығуына ықпал етеді.
Қолдану көрсетілімдері: қиын бөлінетін қақырықпен жөтел қатар жүретін тыныс жолдарының қабыну аурулары – кешенді ем құрамында.
Тіркеу нысаны: ББҚ
Шығарылу түрі: құты, 100 мл