DR.THEISS DR.THEISS барлық құралдары →

Мукоплант жолжелкен қосылған жөтелге қарсы шәрбат "Қайырлы түн"

Қақырық түсіретін, қабынуға қарсы және муколитикалық әсер береді.

Көлемі
100 мл
Өндіруші ел
Германия

Сипаттама

Құрамы: сорбитол, мальтитол, су, жолжелкен сығындысы (жолжелкен сығындысы, калий сорбаты), тасшөп сығындысы (тасшөп сығындысы, глицерин, калий сорбаты), түймедақ сығындысы (түймедақ сығындысы, глицерин, калий сорбаты), ксантан сағызы, аскорбин қышқылы, табиғи аскөк хош иістендіргіші, калий сорбаты, мелисса сығындысы (мелисса сығындысы, мальтодекстрин).

Шәрбаттың тәуліктік дозасында (30 мл) 75 мг С дәрумені бар. Бұл ұсынылатын тәуліктік тұтыну нормасының 107%-ын құрайды, бірақ рұқсат етілетін ең жоғары деңгейден аспайды.

Сипаттамасы: жөтелге қарсы тиімді табиғи құрал. Шәрбат құрамындағы дәрілік шөптер сығындысы мен С дәрумені жөтел кезінде қақырықтың сұйылуына және шығуына ықпал етеді. Германияда өндірілген.

Фармакологиялық әсері: жөтел кезінде қақырықтың сұйылуына және шығуына ықпал етеді.

Қолдану көрсетілімдері: қиын бөлінетін қақырықпен жөтел қатар жүретін тыныс жолдарының қабыну аурулары – кешенді ем құрамында.

Тіркеу нысаны: ББҚ

Шығарылу түрі: құты, 100 мл

Қолдану жөніндегі нұсқаулық

Қолдану тәсілі және дозасы: жөтелге қарсы шәрбатты ішке, аз мөлшердегі сумен ішіп қабылдайды: