Сипаттама
Құрамы: 100 г Эхинацея тұнбасының құрамында белсенді зат - эхинацея тұнбасы 33,3 г, қосымша заттар: этанол 96 %, тазартылған су бар.
Фармакологиялық әсері: Эхинацея тұнбасы иммунитетті ынталандыратын әсерге ие, жедел респираторлық вирустық аурулар кезінде ағзаның төзімділігін арттырады.
Қолдануға көрсетілімдер: Жедел респираторлық аурулардың алдын алу және емдеу, әртүрлі этиологиялы иммун тапшылығы жағдайлары (инфекциялар, радиация, химиотерапия және т.б.).
Қарсы көрсетілімдер: Препарат компоненттеріне, оның ішінде күрделігүлділерге жоғары жеке сезімталдық. Жүйелі аурулар кезінде (туберкулез, лейкоздар, коллагеноздар, шашыраңқы склероз, АИТВ-инфекциясы, жүйелі қызыл жегі, онкологиялық аурулар және басқа да аутоиммундық аурулар).
Жанама әсерлері: Аллергиялық реакциялар, бас айналу, артериялық қысымның төмендеуі болуы мүмкін.
Ескерту: Препараттың құрамында 50% алкоголь бар. Әр қабылдаған сайын пациент 0,25-1 г алкоголь алады. Қауіп тобына эпилепсиямен, алкоголизммен ауыратын, бауыр функциясы бұзылған, бас миы зақымданған науқастар жатады. Болуы мүмкін бұлыңғырлану мен тұнба препараттың сапасы мен белсенділігіне әсер етпейді. Қолданар алдында тұнбаны сәл шайқау керек,
Ерекше нұсқаулар: Препаратты жүктілік және лактация кезеңіндегі әйелдерге тағайындау ұсынылмайды.
Шығарылу түрі: Қара шыны құтыларда 50 мл-ден