Сипаттама
Құрамы: майтамыр сығындысы, пропиленгликоль, изопропил спирті, этил спирті, карбомер, натрий гидроксиді, су.
Фармакологиялық әсері: тіндердің регенерациясын белсендіреді, эпителизацияға ықпал етеді, жасушалар пролиферациясын ынталандырады.
Қолдану көрсетілімдері: соғылу, қанталау, арқа, бел, буын аймағындағы ауырсыну, ұзақ жазылмайтын жаралар, сүйек сынуы, буын шығуы мен созылу, терінің құрғауы және жарылуы (оның ішінде өкше аймағында).
Қарсы көрсетілімдер: жоқ.
Жанама әсерлері: анықталмаған.