DR.THEISS DR.THEISS барлық құралдары →

С ДӘРУМЕНІ ҚОСЫЛҒАН СӘЛБЕН ТАБЛЕТКАЛАРЫ

Сәлбе қабынуға қарсы, зарарсыздандыратын, тұтқыр, қан тоқтататын, қақырық түсіретін және антисептикалық қасиеттерге ие.

Көлемі
24 таблетка
Өндіруші ел
Германия

Сипаттама

Құрамы: қант, глюкоза шәрбаты, су, сәлбе сығындысы, аскорбин қышқылы, қышқылдық реттегіш — лимон қышқылы, хош иістендіргіш — сәлбе майы.

Қосымша заттар: аскорбин қышқылы, алма қышқылы, сорбит, аспартам, магний стеараты, коллоидты кремний диоксиді, «бал» хош иістендіргіш қоспасы, хинолин сарысы Е 104, индигокармин Е 132.

Фармакологиялық қасиеттері: сәлбе жапырақтарында белсенді заттар — эфир майы (туйон, цинеол, сальвен, борнеол, камфора), фитонцидтер, алкалоидтер, илік заттар, олеанол және урсол қышқылдары бар. Сәлбе препараты қабынуға қарсы, зарарсыздандыратын, тұтқыр, қан тоқтататын, қақырық түсіретін және антисептикалық қасиеттерге ие.

Қолдану көрсетілімдері: жоғарғы тыныс жолдарының қабыну ауруларын (ларингит, фарингит, трахеит) және ауыз қуысы ауруларын (гингивит, стоматит, тіс жұлғаннан кейінгі жағдайлар) кешенді емдеуде

Қолдану жөніндегі нұсқаулық

Қолдану тәсілі және дозасы: жергілікті. Шайнамай, ауызда толық ерігенше ұстау керек. Ересектерге: күніне 6 таблеткадан, 2 сағат аралықпен. Емдеу ұзақтығы 5-7 күн.