Сипаттама
Құрамы: 100 грамм гельде мынадай ингредиенттер бар: атбас талшын тұқымының сығындысы (1:1) 3 г, қырмызыгүл гүлдерінің сығындысы (23-27:1) 0,4 г
Қосымша ингредиенттер: полиакриламид С13-14 изопарафин лаурет-7, этил спирті, тазартылған су, ПЕГ-20 Метил ППГ-20, метилглюкоза сесквистеараты.
Атбас талшын көктамырдың варикозды кеңеюін емдеу үшін ұзақ уақыттан бері табысты қолданылып келеді. Оның емдік қасиеттері эсцинге «байланысты», ол: ісінудің пайда болуына жол бермейді; көктамырлардың тонусын арттырады; тамыр қабырғаларын нығайтып, оларды бос радикалдардың зақымдаушы әсерінен қорғайды.
Препараттың екінші негізгі компоненті – қырмызыгүл сығындысы, қабынуға қарсы әсері дәлелденген биологиялық белсенді заттар – фарадиолдарға өте бай.
Фармакологиялық әсері: Өсімдік тектес, көктамырлардың тонусын арттыратын дәрілік зат. Капиллярлардың өткізгіштігін төмендетеді, көктамырлардың тонусын арттыратын, ісінуге және қабынуға қарсы әсер етеді. Капиллярлардың өткізгіштігі мен сынғыштығын азайтады.
Көрсетілімдер
— аяқ-қолдың ауыруы мен ісінуі; — аяқтағы ауырлық сезімі; — балтыр бұлшықеттерінің түнгі құрысуы; — әртүрлі дәрежедегі көктамыр жеткіліксіздігіне байланысты терінің қышуы; — жарақаттық сипаттағы ауырсыну мен ісіну: буынның шығуы, созылу, соғылу.
Жанама әсерлер
Сирек: терідегі аллергиялық реакциялар. Препараттың құрамында этанол бар, сондықтан препаратты теріге жиі жағу терінің құрғауы мен тітіркенуін туындатуы мүмкін.
Қарсы көрсетілімдер
— тері жабынының тұтастығының бұзылуы (жаралар, терең кесілген жерлер, трофикалық ойық жаралар); — 18 жасқа дейінгі балалар (қолдану тәжірибесі жоқ); — препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық.
Айрықша нұсқаулар
Аяқты таңу, серпімді шұлық кию, аяққа салқын ванна жасау сияқты дәрігердің барлық қосымша нұсқауларын қатаң орындау қажет. Ісіну, тері түсінің өзгеруі, керілу және қызу сезімі, ауырсыну сияқты белгілер кенеттен пайда болса, дереу дәрігерге жүгіну керек. Препарат көзге және шырышты қабықтарға тиген жағдайда көп мөлшердегі сумен шаю қажет.